×

Қазақстан Израильден өз азаматтарын эвакуациялауға көмек сұрады

Қазақстан Израильден өз азаматтарын эвакуациялауға көмек сұрады
gov.il/Шалев Ман

Қазақстан билігі Израиль тарапынан осы елде жүрген отандастарымызды эвакуациялауға жәрдемдесуді сұрады. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен Израильдің Сыртқы істер министрі Гидеон Саардың телефон арқылы сөйлесуі кезінде көтерілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ведомство басшылары Таяу Шығыстағы қазіргі шиеленісті жағдайды және екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Келіссөз барысында Ермек Көшербаев қазақстандықтарды қауіпсіз жерге шығару мәселесі мемлекет үшін ең маңызды басымдық екенін атап өтті.

«Е. Көшербаев израильдік әріптесіне Израильдегі ҚР азаматтарын эвакуациялауға жәрдемдесу туралы өтініш білдіріп, бұл міндет еліміз үшін бірінші кезектегі мәселе екенін жеткізді», — деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Өз кезегінде Гидеон Саар Израиль тарапы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау мәселесін шешу үшін бар күш-жігерін салатынын айтты. Министр бұл процестің оның жеке бақылауында болатынына сендірді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жаңа Конституция: тұрақтылық пен болашаққа сенім
Кеше, 14:47

Жаңа Конституция: тұрақтылық пен болашаққа сенім

Жаңа Конституцияда негізгі құндылықтар ретінде білім мен ғылым, мәдениет және инновациялар бекітілген
Әскери іс-қимылдар жалғасып жатыр, сондай-ақ көптеген елдердің әуе кеңістігі жабылған
Бұл маңызды саяси оқиға елдің одан әрі дамуы мен тұрақтылығына ықпал етеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →