×

Қырықбаев: Жаңа Конституция – Президенттің жүйелі реформалары мен идеяларының квинтэссенциясы

Қырықбаев: Жаңа Конституция – Президенттің жүйелі реформалары мен идеяларының квинтэссенциясы

Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаев елорда тұрғындарымен, оның ішінде жұмысшы мамандықтар, креативті индустриялар, ғылым, шығармашылық және спорт өкілдерімен, сондай-ақ жастар ұйымдарының лидерлерімен кездесуде жаңа Конституцияның авторын атады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қырықбаев атап өткендей, Мемлекет басшысы жаңа Конституцияны ұсына отырып, жалпы елдің конституциялық даму философиясын өзгертті. 

«Жаңа Конституцияның негізгі авторы Мемлекет басшысы екенін түсіну маңызды. Оның мемлекет құрылысы саласындағы зор тәжірибесі мен халықаралық ұйымдардағы көп жылдық қызметі елдің конституциялық дамуына қатысты заманауи ұстанымды қалыптастыруға мүмкіндік берді. Президент жоба ережелерімен жеке өзі жұмыс жасады», - деді Қырықбаев. 

Спикер Ата Заңның жаңа жобасына Президент 2019 жылдан бері дәйекті түрде жүзеге асырып келе жатқан негізгі идеялар мен реформалар енгенін атап өтті. 

«Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан», «Әділетті Қазақстан», «Адал азамат» сияқты тағы басқа қағидалар Конституцияның жаңа жобасында өз орнын тапты. Шын мәнінде, Жаңа Конституция жобасы Мемлекет басшысы 2019 жылдан бері іске асырып келе жатқан саяси бағыттың квинтессенциясына айналды», – деді ол. 

Қырықбаевтың айтуынша, бұл реформаның бағыттарын Президент жобаны әзірлей бастауға дейін белгілеген болатын. 

«Бұл ұлттық егемендікті нығайту, биліктің ауысуы моделін бекіту, экологиялық жауапкершілікті күшейту мен адамға бағдарланған мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру туралы», – деп түсіндірді. 

Оның пікірінше, қоғамның жаңа Конституция жобасын жаппай қолдауын осымен түсіндіруге болады. Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген сауалнамаға сәйкес, халықтың 89,2% Жаңа Конституцияның жобасын қолдайды. 

«Азаматтар жаңа Конституциядан соңғы жылдардағы реформалардың логикалық жалғасын көріп отыр. Мұнда «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы ел дамуының басты идеологиялық негізі ретінде бекітілген. Сондықтан жобаны қолдау – бұл позитивті өзгерістер мен Қазақстан мемлекеттілігін одан әрі нығайтуды қолдау», - деп түйіндеді Қырықбаев. 

Сондай-ақ, интерактивті форматта (еркін пікір алмасу) өткен кездесуге сарапшылық-талдау қауымдастығының өкілдері, Мәжіліс депутаттары, жастар ұйымдарының лидерлері («Жаңа Адамдар», «Жастар Рухы», «Дала Қырандары», «Қазақстан жастары конгресі», «Есірткісіз болашақ» және басқалары), кретаивті индустрия өкілдері қатысып, реформалардың заманауилығын атап өтті және Жаңа Конституцияға қолдау білдірді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →