×

Иранның жаңа рухани көсемі алғашқы ресми мәлімдемесін жасады

Иранның жаңа рухани көсемі алғашқы ресми мәлімдемесін жасады
Rouhollah Vahdati / ISNA

Иранның жаңа рухани көсемі Мұжтаба Хаменеи билікке келгелі алғаш рет ресми мәлімдеме жасап, аймақтағы АҚШ әскери базаларын дереу жабуды талап етті. Оның сөзін Иранның мемлекеттік телеарнасы таратты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өз сөзінде Хаменеи әлемдік мұнайдың 20 пайызы өтетін Ормуз бұғазын «қысым құралы» ретінде жабу мүмкіндігін қарастырып отырғанын жеткізді. Ол Тегеранның көрші елдермен татулықты қалайтынын, алайда аймақтағы АҚШ базаларына соққы жасауды тоқтатпайтынын ескертті. Сондай-ақ көсем қаза тапқандар үшін кек алудан бас тартпайтынын және қарсыластардан өтемақы талап ететінін мәлімдеді.

Бұл мәлімдеме Ирандағы билік ауысуынан кейін жасалып отыр. 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің шабуылынан бұрынғы рухани көсем Әли Хаменеи қаза тауып, 8 наурызда оның орнына ұлы Мұжтаба Хаменеи сайланған болатын. Жаңа басшының өзі де сол шабуыл кезінде жараланғанын Иран Сыртқы істер министрлігі бұған дейін растаған еді.

Мұжтаба Хаменеи Сарапшылар кеңесінің шешімімен сайланды. Айта кетейік, соңғы шабуылдар салдарынан оның жұбайы мен қарындасы да қаза тапқан. Жаңа көсем халықты бірлікке шақырып, Иранның ұстанымы бұдан былай да қатаң болатынын аңғартты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →