×

Ердоған: Біздің Сүннилік не Шиилік деген жеке дініміз жоқ

Ердоған: Біздің Сүннилік не Шиилік деген жеке дініміз жоқ
Michael Varaklas/AP

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сүннит пен шиит арасындағы айырмашылықтар туралы пікір білдіріп, ислам дінінде бөлінуге жол бермеу керектігін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ердоғанның айтуынша, Түркия Иран халқын ешқашан діни немесе этникалық айырмашылықтарға қарап бөлген емес. Президенттің сөзінше, мұсылмандардың ортақ құндылығы – ислам діні.

«Біздің Сүннилік немесе Шиилік деген жеке дініміз жоқ. Біздің бір ғана дініміз бар. Ол – Ислам. Ортақ құндылығымыз – Ислам. Әзірет Әли де біздікі, Әзірет Омар да біздікі. Әзірет Осман, Әзірет Хасан мен Хүсейн де біздікі. Әзірет Айша анамыз да, Әзірет Зейнеп анамыз да – бәрі де біздікі», – деді Түркия президенті.

Сонымен қатар Ердоған күрд топтарын Иран билігіне қарсы айдап салу туралы баспасөзде тараған мәліметтерге де тоқталды.

Ол аймақтағы халықтарды сақ болуға шақырып, тарихи тамыры терең мәселелердің қайтадан күн тәртібіне шығуы кездейсоқ емес екенін айтты.

Президенттің пікірінше, шиит пен сүннит, араб, түрік, күрд және парсы халықтары ғасырлар бойы бір географияда бірге өмір сүріп келеді.

«Алла қаласа, осы қақтығыстар мен соғыстар аяқталғаннан кейін де бір географияны, бір тағдырды бөлісіп, бейбіт өмір сүруді жалғастырамыз. Өңір халықтары ретінде онсыз да зардабын тартып отырған қақтығыстың одан әрі үлкен жаралар ашуына жол бермеуіміз керек. Сионистік қырғын жасаушы топтардың өзгенің тасымен өзгенің құсын ататын айласына ешқашан алданбауымыз қажет», – деді Ердоған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →