×

Жаңа прогрессивті Конституция – бірлігіміздің негізі: Атырауда жастармен кездесу өтті

Жаңа прогрессивті Конституция – бірлігіміздің негізі: Атырауда жастармен кездесу өтті
Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов «Жаңа прогрессивті Конституция – бірлігіміздің негізі» тақырыбында өңір жастары және жас журналистермен кездесу өткізді. Басқосуда ел дамуы мен қоғамдағы жастардың рөлі, сондай-ақ өңірдегі бірқатар өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кездесу барысында жаңа Конституцияның маңызы, оның елдегі демократиялық өзгерістерге ықпалы және азаматтық қоғамды дамытудағы рөлі де сөз болды. Сондай-ақ Конституциялық реформалар аясында жүзеге асырылып жатқан жаңашыл бастамалар мен олардың жастар үшін ашып отырған мүмкіндіктері талқыланды.

Аймақ басшысының орынбасары жастардың бастамалары мен ұсыныстарын тыңдап, олардың пікірлері өңірдің дамуына маңызды екенін айтты. Еркін форматта өткен жиында жастар қоғамдағы өзекті тақырыптарды көтеріп, түрлі ұсыныстарын ортаға салды.

Атап айтқанда, жиын барысында Атырау облысында спорт саласын дамыту, жас спортшыларға жан-жақты қолдау көрсету мәселесі қозғалды. Сонымен қатар, жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету, өнертапқыш жастардың басын қосатын арнайы орта қалыптастыру, сондай-ақ мәдениет саласын қолдау және дамыту бағытында ұсыныстар айтылды.

Дарын Шамұратов жастардың белсенділігі мен бастамашылдығын жоғары бағалап, олардың идеялары өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал ететінін жеткізді. Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →