×

Панфилов ауданында 105 жастағы әже ең алғашқылардың бірі болып дауыс берді.

Ғасыр жасаған ана еліміздегі барлық маңызды саяси оқиғалардан қалыс қалмай, көпке үлгі болуда

Панфилов ауданында 105 жастағы әже ең алғашқылардың бірі болып дауыс берді.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

103 шөбересі бар Нағиман Шалабаева Жаркент қаласындағы №290 дауыс беру учаскесінде таңдау жасап, еліміздегі маңызды қадамнан қалыс қалмады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ғасырдан асқан абыз ана 13 құрсақ көтеріп, бүгінде 36 немере,103 шөбере одан 13 шөпшек сүйіп отыр. Ғұмырының жүзден асқан шағында еліміздегі барлық маңызды саяси оқиғалардан қалыс қалмай әрқашан көпке үлгі болуда. 105 жасында әулеттің ғана емес елінің анасына айналған Нағиман апа дені сау, әлі тың екенін айтады.

“Бүгін мен таңнан осында келуге дайындалдым. Өмірімде осынша жасқа келгенше талай сайлауларда дауыс бердім. Құдайға тәубә мен көпті көрдім. Аштықты, жоқшылықты көрдім. Қазір не бар бәрі бар. Қанағат ету керек жастар. Елу жылда ел жаңа. Менің дауыс беруім осы жаңаруға қосқан үлесім. Ештеңе жасамасаңда өзіңнің еліңнің дегенін қолда. Менің жасымды берсін сендерге” – деген Нағиман ападан дауыс беруге келген тұрғындар батасын алып, құрметтерін білдіруде.

Жалпы Панфилов ауданындa 79 референдум учаскесі болса, соның 84 410 тұрғыны дауыс беру құқығына ие.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев референдумда дауыс берді
Бүгін, 10:09

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев референдумда дауыс берді

Өңірде референдумға қатысуға барлығы 721 993 азамат құқылы

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →