×

Қызылорда облысында 105 жастағы соғыс ардагері дауыс берді

Бейбіт күннің қадірін терең түсінетін ардагердің ақ батасы мен өнегесі кейінгі ұрпақ үшін әрдайым құнды

Қызылорда облысында 105 жастағы соғыс ардагері дауыс берді
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сырдария ауданының Тереңөзек кентіндегі №155 сайлау учаскесінде Ұлы Отан соғысының ардагері, 105 жастағы Яхия Тасыров дауыс беріп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ғасыр жасаған қария ел болашағына бейжай қарамай, маңызды саяси науқанға қатысып, азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті. Бүгінде ол облыстағы жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері ретінде үлкен құрметке ие.

«Қарты бар ел – қазыналы ел» десек, бейбіт күннің қадірін терең түсінетін ардагердің ақ батасы мен өнегесі кейінгі ұрпақ үшін әрдайым құнды.

Қарт майдангер елдің тұрақтылығы мен болашағы үшін әр азаматтың дауыс беруі маңызды екенін атап өтіп, мұндай саяси науқанға қатысу – әрбір азаматтың борышы екенін жеткізді.

«Еліміздің ертеңі жарқын болуы үшін әркім өз таңдауын жасауы керек. Бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын», – дейді қария Яхия Тасыров.

Ардагердің бұл игі ісі жастарға үлгі болып, ел тағдырына бейжай қарамай, қоғамдық өмірге белсенді қатысудың маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жамбыл облысында референдумда дауыс берушілердің қарасы қалың
Бүгін, 10:25

Жамбыл облысында референдумда дауыс берушілердің қарасы қалың

Қордайлықтар учаскеге лек-легімен келіп, өз таңдауларын жасап жатыр
Өңірде референдумға қатысуға барлығы 721 993 азамат құқылы
Түркістан облысында спорт өкілдерінің қоғамдық-саяси белсенділігі жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →