×

Маңғыстау облысында референдум күні қоғамдық көлік тегін қатынауда

Қоғамдық көлікте тегін жол жүру бүгін сағат 21:30-ға дейін жалғасады

Маңғыстау облысында референдум күні қоғамдық көлік тегін қатынауда
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 15 наурыз күні Маңғыстау облысының тұрғындары мен қонақтары үшін қоғамдық көліктерде тегін қатыснау ұйымдастырылды. Бұл бастама Амал мерекесі мен референдум күніне орай қолға алынып, тұрғындардың қала ішінде еркін әрі қолайлы қатынауына мүмкіндік берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Облыстағы қоғамдық көліктің барлық бағыттары жолаушыларды тегін тасымалдап, тұрғындар арасында мерекелік көңіл-күй қалыптастыруда. Аталған игі бастама өңір халқы мен қонақтарының кең қолдауына ие болып, көпшілік тарапынан алғысқа бөленді.

Тұрғындар мерекелік күні тегін жол жүру мүмкіндігін жасаған ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, мұндай әлеуметтік бастамалардың маңыздылығын атап өтті.

– Амал мерекесіне орай автобустарда жол жүру тегін ұйымдастырылған екен. Осы үшін ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз. Баршаңызды мерекемен құттықтаймыз, — деді тұрғындар.

Айта кетейік, қоғамдық көлікте тегін жол жүру бүгін сағат 21:30-ға дейін жалғасады. Сонымен қатар түнгі ауысымдағы №10 және №11 қалааралық бағыттары да жолаушыларды тегін тасымалдайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қонаевта референдум күні тұрғындар дауыс беру учаскелеріне ретроавтокөліктермен келді
Бүгін, 10:50

Қонаевта референдум күні тұрғындар дауыс беру учаскелеріне ретроавтокөліктермен келді

Сирек кездесетін көліктер тұрғындардың ерекше қызығушылығын тудырды
Қордайлықтар учаскеге лек-легімен келіп, өз таңдауларын жасап жатыр
Өңірде референдумға қатысуға барлығы 721 993 азамат құқылы
Түркістан облысында спорт өкілдерінің қоғамдық-саяси белсенділігі жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →