×

«Тұран» футбол клубының ойыншылары референдумда өз таңдауын жасады

Түркістан облысында спорт өкілдерінің қоғамдық-саяси белсенділігі жоғары

«Тұран» футбол клубының ойыншылары референдумда өз таңдауын жасады
Түркістан облысы әкімдігі

Түркістан облысында өтіп жатқан маңызды саяси науқанға кәсіби спортшылар да белсенді қатысуда. Бүгін «Тұран» футбол клубының ойыншылары Түркістан қаласындағы №133 референдум учаскесіне барып, өз таңдауларын жасады, хабарлайды Qaz365.kz.

Жасыл алаңда ел намысын қорғап жүрген спортшылар бұл жолы азаматтық жауапкершіліктерін танытып, саяси науқанға белсене атсалысты. Олардың қатарында клуб ойыншысы Асқар Сатышов та болды.

Футболшының айтуынша, ел болашағына қатысты маңызды шешімдерге бейжай қарамай, дауыс беру – әрбір азаматтың парызы.

«Бүгін еліміз үшін маңызды күн. Сондықтан мен де өз таңдауымды жасауға келдім. Еліміз өркендеп, көркейе берсін! Барша футбол жанкүйерлерін және отандастарымызды бейжай қалмай, өз таңдауларын жасауға шақырамын», – деді Асқар Сатышов.

Айта кетейік, Түркістан облысында спорт өкілдерінің қоғамдық-саяси белсенділігі жоғары. Бұған дейін де өңірдің танымал спортшылары, палуандар мен чемпиондар референдум учаскелеріне келіп, дауыс берген болатын.

Спортшылардың мұндай белсенділігі жастар арасында азаматтық жауапкершілік пен патриоттық рухты нығайтуға оң ықпал етеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →