×

Қонаевта референдум күні тұрғындар дауыс беру учаскелеріне ретроавтокөліктермен келді

Сирек кездесетін көліктер тұрғындардың ерекше қызығушылығын тудырды

Қонаевта референдум күні тұрғындар дауыс беру учаскелеріне ретроавтокөліктермен келді
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Республикалық референдум күні Қонаев қаласында ретроавтокөліктердің автошеруі өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Акцияға қатысушылар дауыс беру учаскелеріне көне автокөліктермен келіп, ел өміріндегі маңызды саяси оқиғаға бейжай қарамайтынын және азаматтық ұстанымдарын көрсетті. Ерекше бастаманың авторы – Қонаев қаласының құрметті азаматы, меценат Мурат Сергебаев, 

Сәні мен салтанаты жарасқан ретроавтокөліктер колоннасы қаланың орталық көшелерімен жүріп өтті. Сирек кездесетін көліктер тұрғындардың ерекше қызығушылығын тудырып, көпшілік оларды тамашалап, суретке түсіп, әсерлерімен бөлісті. Автошеру референдум күні қала өміріне ерекше сән беріп, есте қаларлық шаралардың біріне айналды.

Мурат Сергебаев – Қонаевтағы белгілі кәсіпкерлердің бірі. Ол қайырымдылық жобаларға белсенді қатысып, қаладағы қоғамдық бастамаларды қолдап келеді. Сонымен қатар ол қаладағы бірегей нысандардың бірі саналатын ретроавтокөліктер музейінің негізін қалаушы.

Референдум күні Мурат Сергебаев өзі тіркелген учаскеге барып, азаматтық таңдауын жасады.

«Бүгін мен республикалық референдумға қатысып, өз дауысымды бердім. Кәсіпкер ретінде тұрақтылық пен заң үстемдігі бизнестің дамуына тікелей әсер ететінін жақсы түсінемін. Ел болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәтте қоғамның бірлігі аса маңызды», – деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Жас аналар өз таңдауларын жасады
Учаскелерде дауыс беру процесінің ашық әрі заң талаптарына сәйкес өтуі үшін барлық мүмкіндік қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →