×

Атырауда екі бірдей үшем дүниеге келді

Жас аналар өз таңдауларын жасады

Атырауда екі бірдей үшем дүниеге келді
Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Референдум қарсаңында Атырау облыстық перинаталдық орталығында екі үшем дүниеге келді. Бұл қуанышты жаңалық перзентхана ұжымы мен жас аналардың жақындары үшін ерекше сәт болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Перинаталдық орталықта орналасқан №22 жабық референдум учаскесінде үшемдердің аналары да дауыс беріп, өз таңдауларын жасады. Солардың бірі – үшемнің анасы Гүлшат Аханова.
Атырау қаласына қарасты Ақжар ауылының тұрғыны Гүлшат Аханованың отбасында бұған дейін үш қызы болған. Үшем қыздардың дүниеге келуімен олардың шаңырағында алты қыз бала өсетін болды. Сәбилерге Нұриля, Сабира, Хадия деген есім берілмек.

– Еліміздің болашағы үшін, қыздарымыздың болашағы үшін бүгін дауыс бердім, – дейді жас ана.

Референдум қарсаңында дүниеге келген тағы бір үшемнің анасы – Айдана Ерғалиева. Оның отбасына үш ұл келді. Жас ана да перинаталдық орталықта орналасқан №22 жабық референдум учаскесінде дауыс беріп, өз таңдауын жасады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қонаевта референдум күні тұрғындар дауыс беру учаскелеріне ретроавтокөліктермен келді
Бүгін, 12:34

Қонаевта референдум күні тұрғындар дауыс беру учаскелеріне ретроавтокөліктермен келді

Мұрат Сергебаев – Қонаевтағы белгілі кәсіпкерлердің бірі.
Учаскелерде дауыс беру процесінің ашық әрі заң талаптарына сәйкес өтуі үшін барлық мүмкіндік қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →