Отау құрғандарына биыл 10 жыл толып отыр.
Маңғыстау облысына қарасты Ақшұқыр ауылының №232 референдум учаскесінде өнер жолында да, өмір жолында да қол ұстасып келе жатқан өнерлі отбасы дауыс берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бағдәулет Толыбекұлы мен Эльвира Есназар 2016 жылы шаңырақ көтеріп, бүгінде екі бала тәрбиелеп отырған өнегелі отбасы. Отау құрғандарына биыл 10 жыл толып отыр.
Бақдәулет Толыбекұлы – дәстүрлі әнші, жыршы, Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі. Ол – жырау, профессор Амандық Көмекұлының шәкірті, республикалық конкурстардың лауреаты. Ал Есназар Эльвира – дәстүрлі әнші, жыршы, Қазақ ұлттық өнер университеті түлегі. Ол – жырау, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Елмұра Жаңабергенованың шәкірті, республикалық конкурстардың лауреаты.
Дәстүрлі өнерді дәріптеп, атадан қалған асыл мұраны халыққа насихаттап жүрген бұл өнерлі отбасы жалпыхалықтық саяси науқанның маңыздылығына тоқталып, мұндай шаралардың халықты бірлікке үндейтін рухани алаң екенін атап өтті.