×

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жасаған таңдауым ешқашан өзгермейді - Назарбаев

Бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жасаған таңдауым ешқашан өзгермейді - Назарбаев
ақорда

Қазақстанның экс-резиденті Нұрсұлтан Назарбаев елде жүргізіліп жатқан саяси реформалар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Назарбаев мемлекет басшысы өкілеттігінен жеті жыл бұрын өз еркімен кеткенін еске салды. Оның айтуынша, бұл шешім елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету және билік сабақтастығын сақтау мақсатында қабылданған.

«Уақыт тоқтамайды. Буын алмасады. Әр буын Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуға өз үлесін қосуы тиіс. Біздің заман өкілдері тәуелсіздікті жариялап, шекараны белгілеп, елорданы тұрғызу арқылы өз міндетін орындады деп есептеймін», – деді ол.

Тұңғыш президенттің сөзінше, қазіргі кезеңде Қазақстанды одан әрі нығайтып, халықаралық беделін арттыру маңызды. Бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ ол бүгінгі рефе Бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.рендумның да маңызы зор екенін айтып, оны қолдайтынын жеткізді.

«Өз уақытында мен Қасым-Жомарт Тоқаевқа таңдау жасадым және бұл таңдауым ешқашан өзгермейді. Осы Конституция Қазақстанымыздың игілігіне, халқымыздың берекесіне қызмет етсін деп тілеймін», – деп түйіндеді Назарбаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Референдум - 2026: Спорт саңлақтары өз таңдауларын жасады
Бүгін, 14:47

Референдум - 2026: Спорт саңлақтары өз таңдауларын жасады

Ел ертеңіне бейжай қарамай, азаматтық міндеттерін орындады
. Облыс тұрғындары маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда.
Дауыс беру рәсімін заң талаптарына сәйкес ұйымдастырды.
Азаматтардың еркін әрі объективті түрде дауыс беруі үшін барлық жағдай жасалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →