×

Ғасыр жасаған соғыс ардагері Василий Салазкин үйінде дауыс берді

Дауыс беру рәсімін заң талаптарына сәйкес ұйымдастырды.

Ғасыр жасаған соғыс ардагері Василий Салазкин үйінде дауыс берді
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 15 наурыз күні Ақтау қаласында өтіп жатқан республикалық референдумда екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, 99 жастағы Василий Салазкин өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Құрметті ардагер денсаулығына байланысты №34 сайлау учаскесінің жылжымалы дауыс беру жәшігі арқылы үйінде дауыс берді. Учаскелік референдум комиссиясының мүшелері ардагердің өтініші негізінде оның үйіне барып, дауыс беру рәсімін заң талаптарына сәйкес ұйымдастырды.

Ел басына күн туған кезеңде Отан қорғап, бейбіт өмірдің орнауына үлес қосқан ардагер бүгінгі маңызды саяси науқаннан тыс қалмай, ел болашағы үшін өз таңдауын жасады.

Айта кетейік, референдум барысында денсаулығына немесе өзге де себептерге байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын азаматтар үшін жылжымалы дауыс беру жәшігі арқылы үйде дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Референдум - 2026: Спорт саңлақтары өз таңдауларын жасады
Бүгін, 14:47

Референдум - 2026: Спорт саңлақтары өз таңдауларын жасады

Ел ертеңіне бейжай қарамай, азаматтық міндеттерін орындады
. Облыс тұрғындары маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда.
Бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.
Азаматтардың еркін әрі объективті түрде дауыс беруі үшін барлық жағдай жасалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →