×

Ұлытау облысында марафоншылар Жезқазғаннан Сәтбаевқа дейін жүгіріп, өз учаскелерінде дауыс берді

. Облыс тұрғындары маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда.

Ұлытау облысында марафоншылар Жезқазғаннан Сәтбаевқа дейін жүгіріп, өз учаскелерінде дауыс берді
Ұлытау облысының әкімдігі

Ұлытау облысында өткен республикалық референдум барысында бір топ марафоншы Жезқазған қаласынан Сәтбаев қаласына дейін жаяу жүгіріп өтіп, азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Спортшылар бірнеше ондаған шақырымды еңсеріп, Сәтбаев қаласындағы №47 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасап, дауыс берді.

Марафоншылардың айтуынша, бұл бастама – салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтық жауапкершілікті көрсетуге бағытталған.

Олардың бұл әрекеті тұрғындар тарапынан қолдау тауып, референдумға қатысудың маңызын тағы бір мәрте айқындай түсті.

Айта кетейік, Ұлытау облысында референдум учаскелері таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Облыс тұрғындары маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Референдум - 2026: Спорт саңлақтары өз таңдауларын жасады
Бүгін, 14:47

Референдум - 2026: Спорт саңлақтары өз таңдауларын жасады

Ел ертеңіне бейжай қарамай, азаматтық міндеттерін орындады
Дауыс беру рәсімін заң талаптарына сәйкес ұйымдастырды.
Бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.
Азаматтардың еркін әрі объективті түрде дауыс беруі үшін барлық жағдай жасалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →