×

Түркістан: Жетісайда үш би бастаған тарихи тұлғалар өз таңдауларын жасады

Аудан көлемінде 75 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр

Түркістан: Жетісайда үш би бастаған тарихи тұлғалар өз таңдауларын жасады
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жетісай ауданында республикалық референдумға тұрғындармен қатар, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бейнесі сомдалған тарихи кейіпкерлер де қатысып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Атап айтқанда, «Жеті жарғы» заңын енгізіп, қазақ тарихында әділетті билігімен мемлекеттілікті нығайтқан Тәуке хан мен қазақтың айбынды ханы Абылай хан, ел бірлігі мен әділдіктің символына айналған үш би – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би бейнесіндегі Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының әртістері референдум учаскесіне арнайы келіп, өз таңдауларын жасады.

Бұл бастама – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, халықты ел тағдырына бей-жай қарамауға шақыратын тағылымды шара болды. Көпшілік үшін бұл көрініс ел тарихына тағзым жасап, ұлт болашағына деген жауапкершілікті терең сезінудің айқын белгісіндей әсер қалдырды. Аудан тұрғындары тарихи тұлғалардың бейнесі арқылы берілген бұл өнегелі үлгіні жоғары бағалап, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауда әр азаматтың дауысы маңызды екенін тағы бір мәрте сезінді.

Айта кетейік, аудан көлемінде 75 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Олардың барлығында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорттың қазақ күресі, қол күресі, үстел теннисі, волейбол, тоғызқұмалақ, кіші футбол секілді түрлерінен тұрғындар арасында жарыстар ұйымдастырылуда.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шавкат Рахмоновтың спортшы қарындасы өз таңдауын жасады
Бүгін, 15:52

Шавкат Рахмоновтың спортшы қарындасы өз таңдауын жасады

Ерлі-зайыптылар дауыс беруге бір жастағы қыздары Томириспен бірге келді
Ел ертеңіне бейжай қарамай, азаматтық міндеттерін орындады
. Облыс тұрғындары маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда.
Дауыс беру рәсімін заң талаптарына сәйкес ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →