×

Шавкат Рахмоновтың спортшы қарындасы өз таңдауын жасады

Ерлі-зайыптылар дауыс беруге бір жастағы қыздары Томириспен бірге келді

Шавкат Рахмоновтың спортшы қарындасы өз таңдауын жасады
Іле ауданы әкімдігі

Республикалық референдум күні Іле ауданының Ащыбұлақ ауылдық округіндегі №401 сайлау учаскесіне спорт саласында танымал отбасы – Нұрсұлтан Орынбасаров пен Сара Рахмонова келді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ерлі-зайыптылар дауыс беруге бір жастағы қыздары Томириспен бірге келді.

Нұрсұлтан Орынбасаров пен Сара Рахмонова тек спорт ортасында ғана емес, қоғамдық өмірде де кеңінен танымал тұлғалар. Бүгінде олардың әрқайсысы ел игілігі жолында жаңа қырынан көрініп, мемлекеттік қызметте еңбек етіп жүр.

Нұрсұлтан Орынбасаров джиу-джитсу спортынан қара белбеу иегері, қазіргі уақытта Алматы облыстық мәслихатының депутаты. Ол Sagadat Batyr спорт клубының негізін қалаушы. Клубтың он екі жылдық жұмысы барысында онда мыңнан астам жас тәрбиеленіп, олардың көпшілігі халықаралық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері атанды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістан: Жетісайда үш би бастаған тарихи тұлғалар өз таңдауларын жасады
Бүгін, 15:47

Түркістан: Жетісайда үш би бастаған тарихи тұлғалар өз таңдауларын жасады

Аудан көлемінде 75 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр
Ел ертеңіне бейжай қарамай, азаматтық міндеттерін орындады
. Облыс тұрғындары маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда.
Дауыс беру рәсімін заң талаптарына сәйкес ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →