×

Референдум бойынша алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды

Сауалнама 200 референдум учаскісін қамты, барлығы 30 мың респондент қатысты

Референдум бойынша алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды
Gov.kz

Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2026 жылғы 15 наурыздағы референдумда Еуразиялық интеграция институты Қазақстанның 17 облысында, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында Exit poll – референдум учаскілерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама жүргізді.  

Сауалнама 200 референдум учаскісін қамтыды, оның ішінде 129 – қалаларда, 71 – ауылдық жерлерде орналасқан. 
Сауалнамаға барлығы 30 мың респондент қатысты, оларға арнайы даярланған интервьюерлер face-to-face әдісімен сұхбат жүргізді.

Зерттеу нәтижелерінің қателігі 1%-дан аспайды. 

Күні бойы 7 өлшем жүргізілді. Аралық қорытындылар сағат 9.00-де, 10.30-да, 12.30-да, 14.30-да, 16.30-да, 18.30-да және сағат 20.30-да жасалды. 

Референдум учаскілерден шыға берісте респонденттерге «Сіз жаңа Конституцияны қабылдайсыз ба деген сұраққа қай жауап нұсқасын таңдадыңыз?» деген сұрақ қойылды.
Экзитпол нәтижелеріне сәйкес, респонденттердің 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берді. Жалпы 75,3% адам қатысты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Шетелдік делегация Астана қаласындағы бірнеше дауыс беру учаскесінде болды
Ерлі-зайыптылар дауыс беруге бір жастағы қыздары Томириспен бірге келді
Аудан көлемінде 75 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →