×

Трамп Путиннің кімнен сескенетінін айтты

Трамп Путиннің кімнен сескенетінін айтты
Andrew Harnik/Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей көшбасшысы Владимир Путин Еуропа елдерінен емес, тек Америка Құрама Штаттарынан сескенетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол 16 наурызда Вашингтонда сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Трамптың пікірінше, НАТО-ның негізгі күші мен өзегі – АҚШ.

«НАТО – бұл біз (АҚШ). Путиннен сұраңыздар. Путин бізден қорқады. Ол Еуропадан мүлдем қорықпайды. Ол Америка Құрама Штаттарынан және менің бірінші мерзімімде құрған армиядан қорқады», — деп мәлімдеді Ақ үй басшысы.

Сонымен қатар, ол одақтастарымен бірге Украинадағы жағдайды бейбіт реттеу бағытында жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Бұл мәлімдеме Ормуз бұғазындағы дағдарысқа байланысты АҚШ пен НАТО арасындағы түсініспеушіліктер аясында жасалды. Бұған дейін Трамп Ұлыбритания, Франция және өзге де Еуропа елдерін, сондай-ақ Қытай, Жапония мен Оңтүстік Кореяны Иранмен қақтығыс кезінде бұғаз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырған болатын. Алайда НАТО-ға мүше бірқатар мемлекет АҚШ президентінің бұл ұсынысын іс жүзінде қабылдамай тастады.

Анықтама ретінде айта кетсек, Ормуз бұғазы әлемдік мұнай тасымалының бестен бір бөлігі өтетін стратегиялық маңызды дәліз болып табылады. Қазіргі уақытта АҚШ пен Иран арасындағы қарулы қақтығыс салдарынан бұл жолдың жабылуы әлемдік экономикаға қауіп төндіріп тұр. Трамп бұған дейін егер одақтастар көмектеспесе, НАТО-ның болашағы «өте нашар» болатынын ескерткен еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →