×

Тоқаев Алматы әкіміне тапсырма берді

Тоқаев Алматы әкіміне тапсырма берді
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдап, мегаполистің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты. Кездесуде қала экономикасының оң динамикасы мен алдағы ірі инфрақұрылымдық жобалар талқыланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әкімнің баяндауынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Алматы экономикасы 6,5 пайызға өскен, ал биылғы екі айда бұл көрсеткіш 9,4 пайызға жетті. Қаланың инвестициялық қоржыны 2,8 триллион теңгеден асады. Әсіресе, IT секторы мен жасанды интеллект бағытына басымдық беріліп, Almaty AI Park жобасы аясында бейнемониторинг пен талдау жүйелері дамып келеді.

Қланың көлік әлеуетін арттыру мақсатында метро құрылысы, BRT желісін кеңейту және жаңа транспорттық шешімдер қарастырылуда. Сонымен қатар, тау кластерін өркендету мен 2029 жылғы Қысқы Азия ойындарына дайындық аясында «Шымбұлақты» жаңғырту жұмыстары басталмақ. Қаланың Бас жоспарына сәйкес, тау бөктеріндегі құрылысқа шектеу енгізу және «қала ішіндегі орталық» моделін дамыту көзделген.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы қала басшылығына бірқатар стратегиялық тапсырма берді:

  • Almaty AI Park жобасын іске асыруды жеделдету;

  • Қалада LRT (жеңіл рельсті көлік) және SkyTrain (аспалы пойыз) жүйелерін енгізу жұмыстарын жандандыру;

  • Экологиялық ахуалды жақсарту үшін жылу көздерін жаңғыртуды жалғастыру.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →