×

Ерболат Досаев Президент әкімшілігінен кетті, енді қандай қызметке барады

Бұл қызметке 2025 жылғы 19 қыркүйекте тағайындалған болатын

Ерболат Досаев Президент әкімшілігінен кетті, енді қандай қызметке барады
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ерболат Досаев Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылды деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа бүгін, 25 наурызда қол қойды. Кадрлық шешімнің нақты себептері ресми хабарламада көрсетілмеген.

Досаев Президент әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымын 2025 жылдың қыркүйегінен бері атқарған еді.

Оның орнына Мемлекет басшысының экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып Нұрлан Байбазаров тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, Ерболат Досаев 2025 жылдың 24 мамырында Алматы әкімі қызметінен босатылды.

2025 жылғы 19 қыркүйекте Досаев Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.

2025 жылғы 23 желтоқсанда "Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. 

2026 жылдың қаңтарында Досаев "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингінің директорлар кеңесінің құрамына кірді. .

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →