×

Қырғызстанда Ұлттық банктің экс-төрағасы ұсталды

Қырғызстанда Ұлттық банктің экс-төрағасы ұсталды
24KG

Қырғызстан Ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы Мелис Тұрғынбаев ұсталды. Бұл туралы жергілікті БАҚ өкілдері Ішкі істер министрлігіндегі дереккөздеріне сілтеме жасап жазып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мәліметтерге сүйенсек, 25 наурызда Тұрғынбаев «Қырғызмұнайгаз» мемлекеттік компаниясындағы жемқорлық деректеріне қатысты тергеу аясында ІІМ-нің тергеу қызметіне жауап алуға шақырылған. Жауап алу процесі аяқталған соң ол бірден ұсталып, қазіргі уақытта Бішкек қалалық уақытша ұстау изоляторына жабылды.

44 жастағы Мелис Тұрғынбаев Ұлттық банкті 2024 жылдың маусымынан бастап басқарған. Осы жылдың 18 наурызында ол өз еркімен қызметінен кететінін мәлімдеген еді, бірақ оның себебін ашып айтпады. Оның отставкасы «Қырғызмұнайгаз» төңірегіндегі қылмыстық істің қозғалуымен тұспа-тұс келді. Айта кетерлігі, Тұрғынбаев бұрын осы компанияны басқарған және Табиғи ресурстар министрі лауазымын атқарған.

Сарапшылар бұл тұтқындауды ақпан айында қызметінен айырылған ҰҚМК-нің экс-басшысы Қамшыбек Ташиевтің төңірегіндегі саяси тазалау жұмыстарымен байланыстырады. Тұрғынбаевты көптеген дереккөз Ташиевке жақын тұлғалардың бірі ретінде атайды.

Әзірге Тұрғынбаевтың адвокаттары мен туыстары ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →