×

Тоқаев Ресей Премьер-министрі Мишустинді қабылдады

Тоқаев Ресей Премьер-министрі Мишустинді қабылдады
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинді қабылдады. Кездесуде екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастарды нығайту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Президент Михаил Мишустиннің Шымкентте өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына және Цифрлық форумға қатысуын жоғары бағалап, бұл сапардың екіжақты байланыстарды өрістетуге тың серпін беретінін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық ынтымақтастықтың нақты нәтижелеріне тоқталды:

«Екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың қалай дамып келе жатқаны өзіңізге мәлім. Қазірдің өзінде құны 25 миллиард долларға жуық 122 ірі жоба іске асырылды. Сауда көлемі 30 миллиард долларға жақындады. Бұл жақсы нәтиже деуге болады», — деді Мемлекет басшысы.

Кездесудің маңызды бөлігі Ресей Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға жасайтын алдағы мемлекеттік сапарына дайындық мәселелеріне арналды. Президент Астана бұл сапарды стратегиялық қатынастарды одан әрі дамытуға мүмкіндік беретін өте маңызды шара ретінде қарастыратынын жеткізді. Дайындық жұмыстары аясында екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастық бағыттары тағы бір мәрте пысықталған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →