×

ЕО-ның Ресейге қарсы жаңа санкциялары Қазақстанға әсер етуі мүмкін

Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакеті сәуір айында қабылданбақшы

ЕО-ның Ресейге қарсы жаңа санкциялары Қазақстанға әсер етуі мүмкін
kapital.kz

Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакеті сәуір айында қабылданбақшы – құжат Қазақстанға, Түркияға және араб мемлекеттеріне әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Брюссель бұған дейін енгізілген шектеулерді айналып өтудің жол бермеу тетіктерін қолға алады деп күтілуде. Бұған үшінші елдердің көмегі пайдаланылмақ. Мұндай ақпаратты "Известия" басылымына Еуропарламент ұсынған.

Шектеу шаралары Түркияға, Қазақстанға және араб мемлекеттеріне әсер етуі мүмкін дейді Еуропарламенттегілер.

Бұған дейін Ақ үй Вашингтон мен Брюссель үшінші мемлекеттерге ықпалын арттырып, олардың Мәскеуге көмектесуіне жол бермеу амалдарын жасайтынын хабарлаған.

Еуропарламент депутаты Гуннар Бектің сөзінше, санкцияларды айналып өтуге қарсы шаралар үшінші елдерге бірден емес, біртіндеп қолданыла бастайды.

"Бұл – батыстың үмітсіз қадамы. Қазір оларда санция салатын ештеңе қалмады", - деді депутат.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты
16.11.2025ж. 15:00

Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты

Қазір Орталық Азия ауқымды трансформация кезеңін өткеріп жатыр
Жоғары мемлекетаралық кеңесі екінші отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, іскерлік топтар арасындағы байланыстарды одан әрі кеңейту қажет.
Өнеркәсіп, құрылыс, мұнай-газ химиясы, қаржы, логистика және туризм салаларында

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →