×

Қазақстандағы Президент сайлауын 10 халықаралық ұйым бақылайды

35 шет мемлекеттен 641 байқаушы аккредиттелген

Қазақстандағы Президент сайлауын 10 халықаралық ұйым бақылайды
Parlam.kz

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев еліміздегі кезектен тыс Президент сайлауын бақылау үшін Қазақстанға келген ТүркПА байқаушыларымен кездесті, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сөз басында Мәулен Әшімбаев 13 қарашада Ыстанбұлда болған лаңкестік әрекеттің салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Түрік парламентшілеріне көңіл айтты. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін жеткізді.

Кездесу барысында Сенат Спикері ТүркПА өкілдеріне еліміздегі Президент сайлауына мониторинг жүргізуге қатысып жатқаны үшін алғысын білдіріп, Қазақстан байқау процесіне үлкен мән беріп отырғанын айтты.

Сайлауда Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы саладағы халықаралық стандарттарға толық сәйкес өткізу үшін барлық қажетті шара қабылданған.

Алдағы сайлаудың маңыздылығына орай саяси жүйені одан әрі дамыту, билікті монополиялауға жол беретін тәуекелдерді жою және демократияның негізгі қағидаттарын нығайту бағытында реформалар жүргізіліп жатыр.

Қазақстанда адам құқықтарын қорғау жүйесін нығайтуға, билік тармақтары арасындағы, сондай-ақ орталық пен өңірлер арасындағы өкілеттіктер мен жауапкершіліктің теңгерімін қамтамасыз етуге арналған бірқатар маңызды конституциялық заңдар қабылданды.

“Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Мәжіліс пен мәслихаттарды қалыптастырудың аралас моделіне арналған және аудандық, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлауды кезең-кезеңімен енгізу үшін заңнамалық база құрылды. Осы және басқа да өзгерістер біздің азаматтарымыздың сұраныстары мен мүдделеріне сай келеді. Сондай-ақ мұндай қадам жаңа саяси модельді қалыптастыруға, адамдардың мемлекеттік және саяси институттарға деген сенімін нығайтуға ықпал етеді”, – деді Мәулен Әшімбаев.

Өз кезегінде делегация басшысы Эрол Кая ТүркПА байқаушылар миссиясының қызметі сайлау науқанын объективті бағалауға бағытталғанын айтты. Сондай-ақ ол Президенттің кезектен тыс сайлауы ел заңнамасына және жалпыға бірдей танылған халықаралық стандарттарға сәйкес өтуіне тілектестігін білдірді.

Айта кетейік, Қазақстандағы Президент сайлауын бақылау үшін 35 шет мемлекеттен 10 халықаралық ұйым және 641 байқаушы аккредиттелген. Байқаушылардың миссияларына жәрдемдесу үшін сыртқы істер министрлігінде арнайы штаб құрылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сенат Республикалық бюджет туралы заңды Мәжіліске қайтарды
Бүгін, 13:52

Сенат Республикалық бюджет туралы заңды Мәжіліске қайтарды

Сенатта 2025 жылы шығыстарды 60 млрд теңге сомаға ұлғайту қолдау тапты
Ол құқық қорғау органдары бұл іс бойынша тергеу жүргізіп жатқанын айтты
Қаржы министрі журналистердің сұрақтарына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →