×

Ресейде «Вагнер» жасағының құрамына кірген қазақ студентіне қатысты СІМ жауап берді

23 жастағы Марғұлан Бекеновті белгісіз біреулер ұрлап әкеткен

Ресейде «Вагнер» жасағының құрамына кірген қазақ студентіне қатысты СІМ жауап берді

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресейде «Вагнер» жасағының құрамына кірді делінген қазақстандық студентке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
23 жастағы Марғұлан Бекеновті белгісіз біреулер ұрлап әкеткен. Ол Томск мемлекеттік университетінің 4-курс студенті. Өзі Қазақстан азаматы.

Қолдағы деректерге сәйкес, ол Ресей Федерациясы Краснодар өлкесінің Молькино ауылында «Вагнер» жеке әскери компаниясының дайындық базасында жүр. Баламды іздестіруге және елімізге қайтаруға көмек көрсетуіңізді сұраймын, – деп жазған анасы Альмира Бекенова. 


Жоғалған жігіттің ағасы Дулат Бекенов үміт үзбей, әлдебір ғажайыпқа сенгендіктен талайдан бері бұл туралы тіс жармап едім. Бірақ бүгін ең жақын туысымның хәлі мүшкіл деп отыр. 

Марғұлан наурыз айында қызымен кездесу үшін Краснодар өлкесіне барған. Содан кейін байланыс үзілген. Тек бір аптадан кейін анасына аман-есен екені туралы SMS хабарлама жіберген, бірақ қоңырау шала алмаған. Анам бірден Томскідегі студент досымен және краснодарлық қызбен сөйлескен, сол кезде оны Молькинодан біреулер алып кеткенін білді, - дейді Дулат Бекенов. 


Анасы бірден Краснодарға ұшып барып, ұлын сол жерден алып кетуге тырысқан. Бірақ ол тек 9 сәуірде бақылау бекетінде, оның өзінде қасында командир тұрғанын айтқан. Небәрі 5 минут ішінде дұрыстап сөйлесе алмапты. 
Альмира ұлымен Краснодар қаласының маңындағы Молькино ауылында орналасқан «Вагнер тобы» RMS Wagner Group бақылау-өткізу пунктінде кездескен. 

«Оны командирі көлікпен алып келді. Дұрыстап сөйлесуге мүмкіндік бермеді. Командирі қайта-қайта әңгімеге араласып отырды. Альмира келісімшартқа қол қоймағанын білді. Тамақ, ақша сұрады. Киімі жұпыны, өзі арықтап кеткен. Ұлын әрең таныған. Олар Марғұланды тездетіп көлікке отырғызып, алып кетті. Марғұланның күшпен ұсталғаны анық. Оны жібермей отыр. Неліктен босатпағанын біле алмадық, - дейді Альмира Бекенова.


Анасы Марғұланның командирі Қарағанды қаласының тумасы екенін анықтаған. 
Жоғалған жігіттің анасы қазіргі уақытта шарқ ұрып жауап іздеп, Ресейде жүруге мәжбүр.
Ол Краснодар гарнизонының әскери прокуратурасына жүгінді, олар Санкт-Петербургтің Невский ауданының прокуратурасына жіберген, себебі ЖӘК орталығының бас кеңсесі дәл Санкт-Петербургте («Вагнер» ЖӘК штабы) орналасқан. Әзірге ресми әрі түсінікті жауап жоқ.
Сыртқы министрлігінен ресми өкіл Айбек Смадияров жауап берді. Ол қолдағы мәліметтерге сәйкес, құжатта көрсетілген азамат «Вагнер» ЖӘК-мен өз еркімен келісімшартқа отырғанын айтты.

 Қазақстанның Мәскеудегі елшілігі осы азаматтың туыстарының өтініші бойынша Ресей Федерациясының құзыретті органдарына тиісті өтініштер жіберді. Ақпарат тексеріледі. Консул азаматтың туыстарымен тұрақты байланыста, - деді Айбек Смадияров.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Жемқорлықпен күресу жалғыз менің емес – барлық ел басшыларының міндеті
Бүгін Шымкент қаласында республикалық брифинг өтіп жатыр
Жаңа вице-министр бүгінгі Үкімет Қаулысымен тағайындалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →