×

Украина саясаткері Еуропарламентте «қазақтарға көмектесу керек» деп мәлімдеді

Қазақстанды ол еуропалық мемлекет деп атайды.

Украина саясаткері Еуропарламентте «қазақтарға көмектесу керек» деп мәлімдеді
Ашық дереккөздерден

Украина саясаткері Алексей Гончаренко өз сөзінде Қазақстан Ресей насихатынан зардап шегіп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ulysmedia.kz.сайтына сілтеме жасап.

«Бұл ел қазірдің өзінде ресейлік гибридтік шабуылға ұшырап жатыр. Ресей басып кірген менің елім Украинамен болған жағдайдың алдын алу үшін бүгін жай ғана бұл туралы айтуымыз керек, қазақтарға бүгін көмектесуіміз керек. Күн сайын ресейлік насихат Қазақстанды, әсіресе, оның солтүстік бөлігі Ресейдің бір бөлігі, ондағы (РФ билігі) «орыс тілді халықты қорғау керек» деп әңгіме таратып жатыр», - деді ол.

Гончаренконың айтуынша, ол Ресей Федерациясының басқыншылық саясатынан басқа елдің зардап шеккенін қаламайды. Қазақстанды ол еуропалық мемлекет деп атайды.

«Қазақстанның болашағы – оны қоршап тұрған империялардың құрбаны болу емес, Еуропа Кеңесіне мүше болу, еркін әлемге қосылу, біздің қоғамға қосылу деп білемін. Алға, Қазақстан», - деп түйіндеді Гончаренко.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты
16.11.2025ж. 15:00

Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты

Қазір Орталық Азия ауқымды трансформация кезеңін өткеріп жатыр
Жоғары мемлекетаралық кеңесі екінші отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, іскерлік топтар арасындағы байланыстарды одан әрі кеңейту қажет.
Өнеркәсіп, құрылыс, мұнай-газ химиясы, қаржы, логистика және туризм салаларында

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →