Минскте "Қазіргі екітілді кеңістіктегі орыс тілі" атты Халықаралық ғылыми конференция өтті
Орыс тілі – ТМД аумағындағы ұлтаралық қарым-қатынастың басты құралы. Бұл туралы ТМД Бас хатшысының орынбасары Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Минскте "Қазіргі екітілді кеңістіктегі орыс тілі" атты Халықаралық ғылыми конференция өтті. Оған Беларусь, Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның тіл мамандары қатысты.
ТМД Бас хатшысының орынбасары Дәурен Абаевтың айтуынша, орыс тілі қарқынды дамып келеді және ТМД аумағында бір-бірін жақсы түсінуге, бейресми байланыстарды нығайтуға және мәдениеттерді жақындастыруға мүмкіндік беретін байланыстырушы “жіп” ретінде қызмет етеді.
2023 жыл ТМД-да ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілі жылы болып жарияланды. Жалпы гуманитарлық, ғылыми, білім беру және ағартушылық маңызы бар 150 іс-шара жоспарланған.
"Елдер арасындағы серіктестікке ТМД-ның қолдауымен орыс тілін қолдау және ілгерілету жөніндегі халықаралық ұйымның құрылуы қосымша серпін береді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған бұл бастаманы ТМД елдерінің барлық көшбасшылары қолдады", - деді Абаев.