×

Қазақстан Республикасы Президентін ұлықтау рәсімі

Бұл Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жетінші ұлықтау рәсімі

Бүгін ел астанасындағы Тәуелсіздік сарайында Қасым-Жомарт Тоқаевты ҚР Президенті ретінде салтанатты түрде ұлықтау рәсімі өтеді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Ақорда-ға сілтеме жасап.

Бүгінгі, 26 қарашадағы инаугурация – Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жетінші ұлықтау рәсімі.

Рәсім кезінде Орталық сайлау комиссиясы жаңа сайланған Президентке Қазақстан Республикасы Президентінің куәлігін тапсырады. Осыдан кейін Президент Қазақстан халқына ант береді. Сол сәттен бастап қайта сайланған Президент ресми қызметiне кiрiскен болып саналады.

Ұлықтау рәсімінің трансляциясы республикалық телеарналардан, интернет-ресурстардан, сондай-ақ "Ақорданың" әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарынан тікелей эфирде көрсетіледі. Көрсетілім Астана уақыты бойынша сағат 10:50-де басталады.

Еске сала кетейік, ҚР Орталық сайлау комиссиясының шығарған қорытындысы бойынша 20 қарашадағы кезектен тыс президент сайлауында кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 81,31 пайыз дауысын жинап, жеңіске жеткен болатын.

Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президентінің ант беру күнін 26 қарашаға белгілеген болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365 редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Дос Көшім: Ермұрат, Ринат, Нартайлар Парламентте айқайлай бермей, заңды дайындасын
Кеше, 09:26

Дос Көшім: Ермұрат, Ринат, Нартайлар Парламентте айқайлай бермей, заңды дайындасын

Белгілі саясаттанушы бірқатар Мәжіліс депутаттарының жұмысына пікір білдірді
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Иманғали Тасмағамбетовке қатысты пікір білдірді
Бұл туралы XV «Media Құрылтай 2023» салалық конференциясында қоғам қайраткері, журналист Әміржан Қосанов айтты
Мәжіліс депутаты экс-Президенттің сөзі жайлы ойын білдірді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →