×

Қазақстанға қайта-қайта шүйліккен ресейлік депутат елге кіргізілмеді

Оған әуежайдағы төлқұжаттық бақылаудан өтетін жерде өтуге рұқсат жоқ екені айтылған

Қазақстанға қайта-қайта шүйліккен ресейлік депутат елге кіргізілмеді
Викисклад

Ресей мемлекеттік думасының депутаты Константин Затулин Қазақстанға кіргізілмеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Sputnik Ближнее зарубежье" арнасының мәліметінше, Ресей мемлекеттік думасының ТМД және шетелдегі ресейлік азаматтармен байланыс жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Константин Затулинге әуежайдағы төлқұжаттық бақылаудан өтетін жерде өтуге рұқсат жоқ екені айтылған. 
Еске сала кетейік, Затулин Қазақстанға бірнеше рет шүйліккен. Соңғы рет 2022 жылдың қыркүйегінде былай деген еді:

«Қазақстанның көптеген саясаткерлері мен қоғам қайраткерлері орыс халқының саны басым аумақтан айырылып қалу қаупі мен Украинада тарихи жерлерді қайтарып жатқан Ресейдің жаңа саясатынан төнетін қатер жайлы ой толғағанды ұнатады. Ешкім Қазақстанның қандай да бір аумағына көз сүзбесе де, енді олардың маңызды аргументі бар. Бәлкім, оларға өздерінің «қорғаны» бар, бұрын дәті жетпеген нәрсеге енді бара аламыз деп көрінген шығар», − деген болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады
Бүгін, 11:39

ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады

Талғат Алдыбергеновтің теміржол саласында 35 жылдан астам еңбек өтілі бар.
Адам капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударды.
Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →