×

Қазақстанға Ресей мен Беларусь одағына кіру керек – Александр Лукашенко

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Беларусьтің бір бөлек жүргенін жеткізген

Қазақстанға Ресей мен Беларусь одағына кіру керек – Александр Лукашенко
Павел Бедняков/РИА Новости

Беларусь Президенті Александр Лукашенко «Россия» телеарнасының тілшісіне берген сұхбатында Қазақстанға одаққа кіруге ұсыныс жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ВИДЕО: t.me

«Қасым-Жомарт Тоқаевқа ядролық қаруға қатысты мәселеде уайымдаудың қажеті жоқ. Егер Қазақстан мен басқа да елдердің Ресеймен тығыз қарым-қатынас орнатуына ешкім қарсы болмаса, бұл оп-оңай және қарапайым. Яғни Ресей мен Беларусь одағына кіруі керек. Сонда бәрінде ядролық қару болады. Бұл – менің пікірім. Стратегиялық тұрғыдан бірігетін керемет мүмкіндік туып тұр», - дейді Александр Лукашенко.

Бұған дейін Мәскеуде өткен «Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция» форумында Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО құрамында екі модель қалыптасқанын айтқан. Яғни Ресей мен Беларусь бір бөлек жүргенін жеткізген. Аталған екі ел басшысы Қазақстан, Қырғызстан, Армениямен санасу керектігін жеткізген.

«Кешірім өтінемін, тіпті ядролық қару да қазір екі мемлекетке ортақ болып тұр», – деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →