×

Думан Мұхаммедкәрімнен қандай қауіп бар - Ермұрат Бапи

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи елімізде саяси қудалау бар деп санайды

Думан Мұхаммедкәрімнен қандай қауіп бар - Ермұрат Бапи
Коллаж: Qaz365.kz

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи елімізде саяси қудалау бар деп санайды. Бұл туралы ол тілшілерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Жекелеген тұлғаларға байланысты қуғын-сүргін бар. Алысқа бармай-ақ қояйын, таяуда ғана Думан Мұхаммедкәрім қамалды. Ол қоғамға қандай қауіп төндіруі мүмкін? Ол өзі жалғыз жортып жүрген бөрі. Қудалаудың нышандары бар. Осымен үшінші рет қамалып отыр. Менің айтып отырғаным, ол емес. Менің айтып отырғаным, қудалауға тұратын дүние ме сол? Ол жалғыз өзі не бітіреді? Оның артында дүрлігіп тұрған халық жоқ. Сол сияқты Жыланбаевты да екі-үш рет қамады. Әрине, оның партия құрмақ боп жүрген әрекеттері бар. Сол партияның өзінде жөңкілген халық бар деп ойламаймын”, – деді депутат.

Сондай-ақ тілшілер одан депутаттардың саяси қудалаумен күресіп-күреспейтінін сұрады.

“Егер де саяси қудалау ұлттық, елдік сипат алып бара жатса, әрине күресуге мәжбүр боламыз”, – деп жауап берді Бапи.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сыздықбеков мемлекетке қайтарғысы келетін Шымкенттегі су компаниясының қарызын кім өтейді
22.11.2024ж. 17:35

Сыздықбеков мемлекетке қайтарғысы келетін Шымкенттегі су компаниясының қарызын кім өтейді

Компанияның банк алдындағы 12 млрд теңге қарызы өтелмеген.  
Жемқорлықпен күресу жалғыз менің емес – барлық ел басшыларының міндеті
Бүгін Шымкент қаласында республикалық брифинг өтіп жатыр
Жаңа вице-министр бүгінгі Үкімет Қаулысымен тағайындалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →