×

Депутат айта береді, Үкімет өз дегенін істейді: Қошанов министрлерге күзге дейін уақыт берді

Депутат Аманжол Әлтай Үкімет мүшелерінің жолдаған сауалға атүсті қарайтынын айтты

Депутат айта береді, Үкімет өз дегенін істейді: Қошанов министрлерге күзге дейін уақыт берді
Коллаж: Qaz365.kz

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Аманжол Әлтай Үкімет мүшелерінің жолдаған сауалға атүсті қарайтыны, шешімді өз беттерінеше қабылдайтындарына ренішін білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Құрметті Үкімет мүшелері, төрт көздеріңіз түгел отырғанын пайдалана отырып, мен бүгін сіздерге барша Парламент Мәжілісі депутаттарының датын жеткізгім келеді. Біз әрбір апта сайын құйрық жалын түйіп, аманаттап, сіздерге депутаттық сауалдар жолдаймыз. Өкінішке қарай, сол депутаттық сауалдардың көбіне қанағаттанарлық жауап ала алмай келе жатырмыз. Халықтың ішінде «Депутат айта береді, Үкімет өз білгенін істейді» деген сөз мәтелге айналып барады. Мемлекет басшысы «Халық үнін еститін үкімет қалыптасуы керек» деді. Депутаттардың әрбір сауалының астында халықтың үні, талап-тілегі, тағдыры жатқан жоқ па? Сондықтан да құрметті Үкімет мүшелері, «отписка» жасауды қашан тоқтатасыздар? Осы үкімет мүшелерінің атынан премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың бүгін уәдесін естігіміз келеді”, –  деді Аманжол Әлтай.

Бұл сұраққа жауап берген Роман Скляр әр депуатттық сауал жіті қаралатынын айтады

«Біз әрбірін жіті қараймыз. Вице-премьер, премьер-министр деңгейінде. Егер қандай да бір сұрақ болса, премьер-министрден бастап бәрі ашық», –  дейді Скляр.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов та әңгімеге араласып, бұлай жалғаса берсе, күзде үкімет мүшелерін төменгі палатаға шақыратынын айтты.

«Былай істейік, аппарат бар, депутаттық сауал жолдаған біздің әріптестер бар, біздің барлық сауалға жіберілген жауапқа сараптама жасайық. Премьер-министрдің атына менің қолыммен хат жіберейік. Егер одан нәтиже болмайтын болса, күзде осы мәселеге қайта оралып, Үкіметті шақырып, тыңдауға мүмкіндігіміз бар», –  деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты
16.11.2025ж. 15:00

Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты

Қазір Орталық Азия ауқымды трансформация кезеңін өткеріп жатыр
Жоғары мемлекетаралық кеңесі екінші отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, іскерлік топтар арасындағы байланыстарды одан әрі кеңейту қажет.
Өнеркәсіп, құрылыс, мұнай-газ химиясы, қаржы, логистика және туризм салаларында

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →