×

Dauletten жаңа министрдің ұлтын жазып сынға ұшырады

Мемлекеттік қызмет этикасын бұзды деп сынға алғандар бар

Dauletten жаңа министрдің ұлтын жазып сынға ұшырады
Ашық дереккөздерден

Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Төтенше жағдайлар министрі ауысқан еді. Юрий Ильиннің орнына Сырым Шәріпханов тағайындалған. Осы жаңалыққа сүйінші сұрап, жаңа министрдің ұлтын жазған депутат Дәулет Мұқаев сынға қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бұл қызметке әйтеуір, қазақ келді-ау! Юрий давай досвидания!» - деп жазылған Instagram-да 2,4 миллион оқырманы бар Dauletten парақшасында. 

Осыдан кейін Facebook парақшасында кейбір блогерлер мемлекеттік қызмет этикасын бұзды деп сынға алғандар бар. 

«Мемлекеттік қызметшіге жат дүние екенін білетін шығар», - дейді Сәкен Ділдәхмет.

Көбісі оның деңгейіне қатысты пікір білдірген.
Кейін Dauletten парақшасындағы жазба толықтырылды.

«Facebook-тағыларға ескерту. Бұл парақшаны Дәулет Мұқаев жүргізбейді. Оның парақшасы басқа. Әрі Дәулет мырза Facebook-та отырмайды. Ұтыс ойынын ойнатып, комиссияға ақша сұрап, кредит те жаппайды», – делінген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →