×

Астанада Илон Маскке хат жазған экс-әкімге қатысты сот басталды

Бірақ Аюпов денсаулығына байланысты қатыса алмады

Астанада Илон Маскке хат жазған экс-әкімге қатысты сот басталды
Коллаж Qaz365.kz

Елордада Түркістанның экс-әкімі Рашид Аюповқа қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Негізі сот отырысы 14 маусымда басталуы қажет еді. Бірақ Аюпов денсаулығына байланысты қатыса алмады. Сондықтан отырыс бүгінге шегерілді. Айтпақшы, күдіктінің бүгін бел омыртқасында жарықшасы (грыжа) бар екені айтылды.

«Сол себепті оңалтуға біраз уақыт беруді сұраймын», - деді Рашид Аюпов.

Айта кетейік, экс-әкім 10 жыл бұрынғы ісі үшін айыпталып жатыр. 2013 жылы ол премьер-министр кеңсесінің қызметкері болып жүріп, жекеменшік компанияның иесін жауапты лауазымды тұлғаларға аса ірі сомада пара беруге көндірген. Осы үшін құрылыс бойынша тендерді жеңіп әперемін деп уәде берген. Талап етілген соманы алып, өзі де ортақтасқан. Ақшаның бір бөлігіне өзіне Астана қаласынан жаңа үй, қымбат автокөлік және бірнеше жүк техникасын сатып алған деген айып тағылып отыр.

Рашид Аюпов ел есінде Илон Маскке Түркістаннан зауыт салу туралы ұсыныс жазу арқылы еске қалған.

Еске сала кетсек, экс-әкім былтыр 17 қазаннан бері Астана бойынша ҚАЖ департаментінің №64 аралас күзет мекемесінде (СИЗО) отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →