×

Мәскеуде түнде әскери төңкеріс бола жаздаған

Қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Мәскеуде түнде әскери төңкеріс бола жаздаған
pixabay

Кремль қарулы төңкеріс жасауға әрекеттену болғанын, осыған байланысты "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясының басшысы Пригожинге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, 24 маусымға қараған түні Ростов облысында "Вагнер" ЖӘК қатарындағылар әскери көтеріліс жасады. Бұл туралы әскери компанияның басшысы Евгений Пригожиннен келіп түскен хабарламалардан кейін белгілі болды.

Кейбір мәліметтерге сәйкес, "Вагнер" ЖӘК қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, жолдардың бір бөлігі жабылған Ростов облысына басып кіруге ұмтылып жатыр. Ресми түрде Ресей Федерациясының билігі бұл ақпаратты растаған жоқ. 

"РФ ФҚҚ тергеу басқармасы 2023 жылдың 23 маусымында Е.В. Пригожинге қатысты заңды және негізді түрде қылмыстық іс қозғады. Алда оның іс-әрекеттеріне тиісті құқықтық баға беріледі. Бұл қылмыс үшін 12 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", делінген РФ Бас прокуратурасының ресми мәлімдемесінде.

Кейбір Telegram арналардың хабарлауынша, Ростов және Воронеж облыстарының қалалық әкімдіктері азаматтарды үйлерінен шықпауға шақырған. Мәскеуде де қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Алайда баса-көктеп кіру туралы мәліметтер келіп түспеген. 

Сондай-ақ ФҚҚ Евгений Пригожинге қатысты қарулы көтеріліске шақыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады
Бүгін, 11:39

ҚТЖ-ға Даниал Ахметовтің күйеу баласын төраға етіп қоймады

Талғат Алдыбергеновтің теміржол саласында 35 жылдан астам еңбек өтілі бар.
Адам капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударды.
Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →