×

Бауыржан Байбектің әкесі әрі Назарбаевтың сыныптасы Қыдырғали Байбек сотталып жатыр

Оған екі бірдей айып тағылды

Бауыржан Байбектің әкесі әрі Назарбаевтың сыныптасы Қыдырғали Байбек сотталып жатыр
иллюстративті сурет

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сыныптасы, Алматы қаласының экс-әкімі Бауыржан Байбектің әкесі Қыдырғали Байбекке қатысты екі бірдей сот процесі жүріп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл іс Астананың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралуда.

«Сот кабинетіндегі» ақпаратқа сүйенсек, сот бірінші істі 26 маусымда қабылдаған. Оның тыңдауы сейсенбі, 11 шілдеге жоспарланған және мобильді бейнеконференция арқылы өтуі керек еді.

Экс-шенеуніктің әкесі ҚР ӘҚБтК-нің 319-бабы бойынша айыпталған. Бұл  бап бойынша тиісті жер құқығынсыз өндірістік, тұрғын үй, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылығы) немесе тұрмыстық объектілерді заңсыз салғандар жауапқа тартылады.

Одан бөлек, осы сотта ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының бірінші бөлігі бойынша Қыдырғали Байбекке қатысты тағы бір іс қаралады деп күтіліп отыр. Бұл бап бойынша кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысуға, сондай-ақ тіркеусіз, рұқсатсыз әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға, сол сияқты, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, хабарламаны тіркеу, рұқсат беру, жіберу міндетті болған жағдайларда хабарламаны жібермегендер жауапқа тартылады.

Айта кетейік, Қыдырғали Байбек – Нұрсұлтан Назарбаевтың сыныптасы. Мектеп қабырғасында бірге түскен суреттері де бар. Оның ұлы Бауыржан Байбек Алматы қаласының әкімі, Nur Otan партиясының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты
16.11.2025ж. 15:00

Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты

Қазір Орталық Азия ауқымды трансформация кезеңін өткеріп жатыр
Жоғары мемлекетаралық кеңесі екінші отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, іскерлік топтар арасындағы байланыстарды одан әрі кеңейту қажет.
Өнеркәсіп, құрылыс, мұнай-газ химиясы, қаржы, логистика және туризм салаларында

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →