×

Ермек Нарымбайдың қамау мерзімі ұзарып, асханаға баруға да тыйым салынды

Ермек Нарымбайдың қамау мерзімі ұзарып, асханаға баруға да тыйым салынды
Ашық дереккөздерден

Бір кездері «Шал, кет!» деп ұрандатқан саяси белсенді Ермек Нарымбайды  Қонаев қалалық соты 28 шілдеде бостандыққа шығаруға шешім шығарған. Бірақ бүгін қамаудағы мерзімін тағы үш күнге созған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қонаев қалалық соты 13 шілде күні 15 күннен кейін босатуға шешім шығарған еді. Бірақ бүгін колониядағы уақытымды тағы үш күнге ұзартты. Енді жексенбіге дейін осында боламын. Бұл тағы құқықтық бассыздық деп ойлаймын. Неліктен бұл бейресми ереже әлі де қолданылады. Бұған тыйым салу керек. Іс осындай «ұсақ»  заң бұзушылықтарға жүгінуден шаршаған мыңдаған сотталушыларға қатысты. Сондықтан 28 шілде сағат 16:00-ден бастып ашық жарияладым. Колониядан шыққанша аштық жариялауымды жалғастырамын», – дейді Ермек Нарымбай желідегі парақшасында. 

Ол осылайша қоғамның назарын Қазақстан, ТМД, тіпті әлемде де прецеденті жоқ шектен тыс шектеулерге аударғым келетінін айтты. Өйткені бостандыққа шыққанымен, оған көп шектеулер қойылмақшы екен.

«Маған сұхбаттасуға, әлеуметтік желілерге, тіпті «Қағанат» асханаларына, жол бойындағы кафелерге баруға шектеу қойылды. Сонымен қатар банк қызметтерін, банк картасын, аударымдарды, жалақыны, нотариустың қызметтерін алуға тыйым салынады», -дейді белсенді.

Бұған дейін Ермек Нарымбайдың  мерзімінен бұрын босап, 11 айға жуық пробациялық бақылауда болатыны айтылған.  
Айта кетейік, 2010 жылғы қаңтар айында Ермек Нарымбай Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкаға кетуін талап еткен жиында «Назарбаев, кет!» деп ұрандатты. Сөйтіп, төрт жылға бас бостандығынан айырылған. Әуелі 15 күнге қамауға алынған ол, «сотқа құрмет көрсетпеді», «полицияға қарсылық көрсетті» деп айыпталып, сотталды. Жаза мерзімінің жартысын өтеген соң бостандыққа шықты. Алайда бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған еді.
2015 жылы Серікжан Мамбеталин екеуі журналист Мұрат Телібековтің кітабы делінетін «Ветер с улицы» кітабынан үзінді жариялайды. Сол үшін белсенділер «алауыздықты қоздырды» деген айыпқа ілігіп, 2 және 3 жылға сотталды. Кейін апелляциялық сот Нарымбаевтың үкімін жеңілдетіп, үш жыл шартты жазаға кескен. Сол тұста ол елден кетіп, Украинаға саяси босқын ретінде өтіп кеткен. Ал былтыр қыста ел оралды. Полицейлер бірден әуежайдан ұстап, қамауға алды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →