×

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Ресейге әскери техника жөнелтілгенін жоққа шығарады

Бұл әскери техника Қазақстан аумағы арқылы Ресейге жоспарлы жөндеуге жіберілген

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Ресейге әскери техника жөнелтілгенін жоққа шығарады
Ашық дереккөзден

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Ресейге әскери техника жөнелтілгенін жоққа шығарады

«Әлеуметтік желілерде Ресейге әскери техниканы тасымалдау туралы тараған ақпаратқа қатысты.
Ресей Федерациясына қазақстандық әскери техника жөнелтілді деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл әскери техниканың Қазақстан Республикасына еш қатысы жоқ, үшінші елдің меншігі болып табылады және халықаралық келісімдер аясында Қазақстан аумағы арқылы Ресейге жоспарлы жөндеуге жіберілген»,
- деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі мәлімдемесінде.

2022 жылдың 27 тамызынан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынып, әлі де күшінде екені атап өтілді.

Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарды тексерілмеген материалдарға жауап бермеуді және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды.

Р. S. Үшінші елдің әскери техникасы Қазақстанды коридор ретінде пайдаланып отырғанын біздің Қорғаныс министрлігі ресми растап отыр ма?

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ыстамбұлда Ресей мен Украина делегацияларының келіссөздері басталды
16.05.2025ж. 16:00

Ыстамбұлда Ресей мен Украина делегацияларының келіссөздері басталды

Келіссөздер Түркия президенті әкімшілігінің кеңсесінде өтіп жатыр.
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болу үшін үміткерлер 6 кезеңдік  іріктеуден өтуге тиіс
Президент Ормон хан мен Кенесары арасындағы қақтығыс жайлы да жазған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →