×

АҚШ Солтүстік Кореямен байланысы үшін қазақстандық компанияға санкция салды

Әдетте қаржы министрлігі тарапынан салынған санкция АҚШ юрисдикциясындағы активтердің бұғатталғанын білдіреді

АҚШ Солтүстік Кореямен байланысы үшін қазақстандық компанияға санкция салды
AP Photo/Patrick Semansky, File

Қазақстандық компания "КХДР-мен байланысы үшін" АҚШ-тың санкциясына ілікті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі  Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

"Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасы Ресей мен КХДР арасында қару сату бойынша мәмілені қолдауға тырысқан, санкциялардан жалтару желісімен байланысты үш ұйымға қатысты санкция енгізді", - делінген хабарламада.

Үш фирманың Словакия азаматы Ашот Мкртычевке қатысы бары айтылған. Ол наурыз айында солтүстіккореялық шенеуніктермен Ресейге азаматтық ұшақтар, шикізат және өзге де тауарларға айырбас ретінде "қару-жарақ пен оқ-дәрінің жиырма шақты түрін" жеткізуге уағдаласқаны үшін санкцияға іліккен.

Санкциялық тізім қазақстандық Defense Engineering ЖШС, сондай-ақ ресейлік "Верус" ЖШҚ және словакиялық Versor компаниясымен толықты.

Әдетте қаржы министрлігі тарапынан салынған санкция АҚШ юрисдикциясындағы активтердің бұғатталғанын білдіреді.

"Жоғарыда аталған тұлғалардың Құрама Штаттардағы немесе оның иелігіндегі, не АҚШ адамдарының бақылауындағы барлық мүлкі бұғатталған", - делінген АҚШ қаржы министрлігінің хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Президент Қарағанды облысының әкіміне сөгіс жариялады
Кеше, 11:12

Президент Қарағанды облысының әкіміне сөгіс жариялады

Бұған дейін Саран қаласының әкімі қызметінен босатылған
Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады
Қазіргі таңда 8 млн 400 мың қазақстандықтың несиесі бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →