×

«Қазақтар десоветизация жасап жатыр»: ШҚО-да құлаған Ленин ескерткіші Қытайда қызу талқыланды

Арасында “қазақтар осы әрекеті үшін әлі опық жейді” деп қынжылып отырған бірен-саран жоқ емес

«Қазақтар десоветизация жасап жатыр»: ШҚО-да құлаған Ленин ескерткіші Қытайда қызу талқыланды
видеодан кадр

Журналист Ерлан Мазан әлеуметтік желіде Алтай қаласында құлаған Лениннің ескерткіші Қытайдың әлеуметтік желілерінде қызу талқыланғанын жазады. Оның хабарлауынша, «оқыс» оқиғаны іліп әкетіп, қытайлықтар біраз талқылап тастаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ерлан Мазанның жазуынша, Қытайда Мао Цзедуннан (1949-1976 жыл аралығында Қытай төрағасы болған) кейін ең жоғары басшыға мүсін қою сәнге айналмаған. Мао өле сала оның бүкіл Қытайдың жер-жерінде соғылған мүсіндерінің көбі алынып тасталған. 

«Бала күнімде достарыммен бірге аудандық әкімдіктің үлкен жертөлесіне жиі ұрлыққа түсуші едім. Анық есімде қалғаны Маоның мәрмәр кеуіттері үйіліп жататын. Кейін бәрінің көзін құртқан болу керек», – дейді ол.

Қытайлық желі қолданушылары былай дейді:
- Қазақтар десоветизация жасап жатыр, өте дұрыс. 
- Қазақстан өркениет жолында. Сәттілік.
- Қазақстанды былай қойып Ресейдің өзі десоветизация жасап жатыр, мысалы Украинамен шекараны мойындамау - соның көрінісі. 
- Дерусификация қате емес. 
- Заңнамаға қайшы келетін нысандар құлатылуы керек.
- Нағыз ұлылық мүсін соғумен өлшенбейді. 
- Оқыс емес, тәңірдің қалауы ғой.
- Мәңгілік мүсін болмайды. 
- Шынайы тәуелсіздікке ұмтылған Қазақстанға тілектеспіз. 
- Отаршылдықтың нышанын сақтап қалудың қажеті жоқ. 
- Бостандық пен демократияны жалпы адам баласына ортақ және мәңгілік құндылықтар деп қабылдайтындардың қатары өскені қуантады. 
- Жөндеп тұрғанда к...ті қышып өзі секіріп кеткенін бәріміз көрдік. 
- Жұмысқа осынша салғырттық жасауға бола ма? Менің ұсынысым, абайсызда құлатып алған жұмысшыға жалақы үстеу керек. 
- Жақсы ырым екен. 
- Оқыс болды деп ақталудың қажеті не? Онсыз да кімге керек еді?
- Қарауылда сонша ұзақ тұрудың керегі не? Уақыты жеткенде құлайды да.

«Жалпы осылай жалғаса береді. Иә, арасында “қазақтар осы әрекеті үшін әлі опық жейді” деп қынжылып отырған бірен-саран жоқ емес. Өте аз. Ескі жүйенің - коммунистік жүйенің құлауына тілектес адамдар қатары өсіп келе жатқаны бізді де қуантады. Жақсылықтың нышаны болғай», – дейді ол.

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын Алтай қаласында әкімдік алдында тұрған Лениннің ескерткішін тракторшы абайсызда құлатып алған еді. Кейін ескерткішті жаңғыртуға жауапты болған кәсіпкер өз қаражатымен оны орнына қайта қоятынын мәлім етті. Ал облыстық полиция департаменті осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын жариялады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусин қызметінен босатылды
Кеше, 19:02

Бағдат Мусин қызметінен босатылды

Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →