×

Ресейдің Қазақстандағы бас консулы орыс сыныптары азайып жатқанына министрлікті кінәлады

Оның айтуынша, соңғы жылдары орыстілді мектептер мен сыныптар қысқарған

Ресейдің Қазақстандағы бас консулы орыс сыныптары азайып жатқанына министрлікті кінәлады
Sputnik / Тимур Батыршин

Ресей Федерациясының Алматыдағы бас консулы Евгений Бобров ТАСС агенттігіне берген сұхбатында Қазақстанда орыс тілінің қолданыс деңгейінің төмендеуі туралы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, соңғы жылдары орыстілді мектептер мен сыныптар қысқарған. Қазақ тілінде оқытатын бірінші сынып оқушыларына арналған бағдарламадан «орыс тілі» пәнінің алынып тасталуы қоғамда біраз алаңдаушылық тудырды деп отыр. 

Бобров бұған Қазақстандағы орыс ұлтының елдегі үлес салмағы 15,2%-ға дейін азаюуы ғана емес, сонымен қатар «Оқу-ағарту министрлігінің қазақ тіліне негізделген мемлекеттік оқу бағдарламасын өзгертуге ерекше назар аударуы» ықпал етіп отырғанын айтқан.

«Тіл саясаты, Ресей мен Қазақстанның білім беру және мәдени бастамаларды қолдау саласындағы ынтымақтастығы Қазақстандағы орыстілді мәдениеттің байлығын сақтауға және ұлт бірлігін нығайтуға көмектеседі», – деді Бобров.

Осы тұста Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылды ТМД елдерінде орыс тілі жылы деп жариялау туралы бастамасын еске түсіру қажетт секілді. Тіпті, соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстан орыс мектептерінің саны бойынша (тіпті аралас мектептерді есептемегенде) Орталық Азияда көшбасшы болып отыр. Ал Ресейде бірде-бір қазақ мектебінің жоқтығын да байқаймыз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ресей Қытаймен визасыз режим енгізеді
Бүгін, 16:05

Ресей Қытаймен визасыз режим енгізеді

Ресей Қытай азаматтарына визасыз кіруге рұқсат береді
Заңсыздықтан зәбір көрген азаматтарға қорған болайық, Бас прокурор мырза
Ол Парламент Мәжілісінің VII және VIII шақырылымдарының депутаты болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →