×

Бас прокуратура: Мұхтар Әблязовты елге қайтаруға бар күшімізді саламыз

Бас прокуратура: Мұхтар Әблязовты елге қайтаруға бар күшімізді саламыз
фото: ашық дереккөзден

ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев Мұхтар Әблязовты экстрадициялау туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды qaz365.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Экс-банкир Мұхтар Әблязов Қазақстанға қайтарыла ма? Франция мен Қазақстан арасында сотталғандарды экстрадициялау туралы шарт жасалған ба?» деген сұрақ қойды тілшілер спикерге Мәжіліс кулуарында.

«Өздеріңізге белгілі, Қазақстанда құзырлы органдар М. Әблязовқа қатысты екі қылмыстық іс қозғаған. Біреуі - БТА банк қаражатын жымқыру фактісі, екіншісі – Е. Тәтішевтің өліміне қатысты. Екі қылмыстық іс бойынша да айыптау үкімі күшіне енген соң тиісті экстрадиция тәртібімен Францияның өкілетті органдарына сұраныс хат жолданған. Олардың қаралу сатысы әртүрлі мерзімде, қазір Франция М. Әблязовқа бассауға күшін жойды. Осы және қолданылып жатқан басқа да шаралар септігін тигізеді деп ойлаймын. Сұраныс хаттары біздің қатаң бақылауымызда, біз оған бар күшімізді саламыз», - деді Ж. Өмірәлиев.

Спикердің айтуынша, бұл - Қазақстанның ғана емес, шетелдік құқық қорғау органдарының да жұмысының нәтижесі.

Ертең Бас прокуратура М. Әблязов ісі бойынша арнайы брифинг өткізеді.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ресей ресми түрде Ауғанстан Ислам Әмірлігін мойындады
Бүгін, 11:40

Ресей ресми түрде Ауғанстан Ислам Әмірлігін мойындады

Владимир Путин Ресейдің Ауғанстандағы «Ислам Әмірлігін» ресми түрде мойындау туралы шешім қабылдады
Әзербайжан мен Ресейдің қарым-қатынасы шиеленіскен тұста «Sputnik Азербайджан» ақпарат агенттігі жабылып қалды
Талғат Алдыбергеновтің теміржол саласында 35 жылдан астам еңбек өтілі бар.
Адам капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →