×

Сенатор үкімет жұмысы туралы: Біздікілер папка ұстап жүгіреді де жүреді

Сенат депутаты Альберт Рау үкімет жұмысына баға берді

Сенатор үкімет жұмысы туралы: Біздікілер папка ұстап жүгіреді де жүреді
mtrk.kz

ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері Альберт Рау үкіметтің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.  

Мәжіліс кулуарында журналистер сенатордан «президент жолдауда үкімет пен министрлердің жауапкершілігі туралы айтты, яғни келешекте министрлердің үкімет басшысына бағыныштылығы арта түсе ме?» деп сұрады. Бұл сұраққа жауап берген Альберт Рау жұмыстың бәрін министрліктердің бұйрығына бергенімен, шешім қабылдау жылдамдығы өте баяу екенін атап өтті.


«Әлбетте, бұл жағдай шешімнің қабылдануын тежейді. Мен әрдайым Германияның үлгісін келтіремін. Бізде кез келген шешім спираль ретінде министрден ең төменгі қызметкерге, одан қайтадан министрге дейін барады. Папка ұстап жүгіреді де жүреді», - дейді ол.


Сенатордың айтуынша, Германияда лауазымы төмен шенеунік шешімді өзі қабылдауға қауқарлы. Өзіне жауапкершілік ала алады.


«Егер өзіне жауапкершілікті ала алмаса, бастығына жүгінеді. Осының арқасында олар көп уақыт үнемдейді. Біздің «болашақтықтар» механикалық жұмысты атқарады. ЭСҚ тасып жүреді. Сондықтан, реформалайтындай шаруа баршылық», - дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты
16.11.2025ж. 15:00

Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты

Қазір Орталық Азия ауқымды трансформация кезеңін өткеріп жатыр
Жоғары мемлекетаралық кеңесі екінші отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, іскерлік топтар арасындағы байланыстарды одан әрі кеңейту қажет.
Өнеркәсіп, құрылыс, мұнай-газ химиясы, қаржы, логистика және туризм салаларында

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →