×

Елде қалғысы келсе мемлекеттік тілді үйренсін ‒ Наталья Дементьева

Мәжіліс депутаты ресейліктерге қазақ тіліне құрметпен қарау қажет екенін айтты

Елде қалғысы келсе мемлекеттік тілді үйренсін ‒ Наталья Дементьева
parlam.kz

Парламент Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева Ресейдегі ішінара мобилизациядан кейін бас сауғалап, Қазақстанға үдере көшкен көрші елдің азаматтарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Halyq Uni ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Наталья Дементьева ‒  Мәжілістегі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметтерін атқарады.

“Ресейліктерге айтарым, Қазақстанда қонақ екендеріңізді ұмытпаңыздар. Жергілікті халықтың өз дәстүрі, тұрмысы, ішкі жан дүниесі бар, өзінің дүниеге деген көзқарасы бар. Біздің өз менталитетіміз бар. Олар біздің бұл құндылықтарымызға міндетті түрде құрметпен қарауы керек. Ресейліктердің дені транзитпен басқа мемлекеттерге кетеді. Ал, біздің елде қалғысы келгендерге айтарым, мемлекеттік тілді үйреніңдер. Егер қазақ жерінде қаламын десе, осыны қаперлерінде ұстасын. Өйткені, тілге құрмет - елге құрмет!”, –  деді ол.

Сонымен қатар депутат мемлекеттік тілді үйрену көбіне көп өз отандастарымызға байланысты екенін айтты. Өз ана тілін білмейтін қазақ болсын, басқасы болсын сана сезімдерін оятып, қазақ тілін үйренуге уақыттары келгенін атап өтті. Ол тілдің қоғаммен бірге жасап, өсіп, дамитынын, егер тілімізді өшірмей, өсіргіміз келсе, онда сөзден іске көшу керектігін ескертті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сириядағы жағдай Ресейдің күші шектеулі екенін көрсетіп отыр – саясаттанушы
Бүгін, 10:08

Сириядағы жағдай Ресейдің күші шектеулі екенін көрсетіп отыр – саясаттанушы

11-12 қарашадағы Астана келіссөзінен кейін сириялық тараптар арасында сенімсіздік күшейген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →