×

"Біздің елде ешкім қорғалмаған": Депутат Базарбек өзіне жасалған қастандық жайлы айтты

Бақытжан Базарбек полициядан көмек сұрап, қылмыстық кодекстің 373-бабы бойынша қылмыстық іс қозғауын сұраған

"Біздің елде ешкім қорғалмаған": Депутат Базарбек өзіне жасалған қастандық жайлы айтты
Фото: ҚР Парламенті Мәжілісі

"Біздің елде ешкім қорғалмаған". Депутат Базарбек өзіне жасалған қастандық жайлы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Журналистер Мәжіліс кулуарында депутат Бақытжан Базарбектен өзіне жасалған қастандық жайлы сұрады.   

Осыдан бірнеше күн бұрын депуат әлеуметтік желіде Алматыдағы үйінің есігі алдында тұрған колясканы өртеп кеткен еді. Көп өтпей 1991 жылы туған азамат ұсталған.

«Біз бұл мәселеге түсіністікпен қарауға тырысамыз. Неге? Себебі біз дұрыс іс тындырып жатырмыз», - дейді ол.

Базарбек бұл жағдайдың «қай жақтан болып жатқанын білмейтінін» атап өтті.

«Жер аманаты республикалық комиссиясымен Форбс кітабына енген бірнеше олигархтың жерлерін тексеріп жатырмыз. Одан кейін Іле-Алатау саябағының жанында Новиков деген үлкен генералдың жері бар. Соның да жерін тексеруге алайық деп отырмыз. Биай-груп жерлері де тексерілуде. Заң жобалары бар. Сондықтан, қай жақтан қауіп-қатер тқөніп жатқанын мен білмеймін. Айта алмаймын, бірақ өкінішке заманның сұр заман болғаны соншалықты, ешкім қорғалмаған. Жай адам да, депутат та», - дейді ол.

Бақытжан Базарбек полициядан көмек сұрап, қылмыстық кодекстің 373-бабы бойынша қылмыстық іс қозғауын сұраған.

«Ол баптың атауы – Парламент депутатының қызметіне кедергі жасау. Бірақ полиция тек бұзақылық бабымен іс қозғап отыр», - деді ол.
Депутат таяуда жер кодексіне қауіпті түзету енгізілгелі жатқанын айтқан еді. Журналистер «нақты қандай депутаттар сол түзетуге лобби жасап отыр?» деп сұрады.
«Кім екенін айта алмаймын, бірақ бұл – экология министрлігінің орман және аңшылық шаруашылығы комитеті деп ойлаймын», - дейді Базарбек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Семейдің жылумен жабдықталуы Үкімет назарында
Кеше, 18:26

Семейдің жылумен жабдықталуы Үкімет назарында

Қазіргі күнде ЖЭО-1 нысанындағы жөндеу жұмыстары қалыпты жүріп жатыр деуге болады
Мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің жалақысы 100%-ға көтерілді
Ғылым академиясында тамыз-қыркүйекте сайлаудың жаңа циклы өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →