×

Биыл қандай аудан әкімдері сайланады

5 қарашада аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтеді

Биыл қандай аудан әкімдері сайланады
gov.kz

5 қарашада аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz  

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді.

Пилоттық режимде сайлау өткізу үшін 17 облыстың мәслихаты 45 елді-мекенді бекіткен. Оның ішінде 3 қала мен 42 аудан бар.

Кандидаттар сайлауға саяси партияның атынан немесе өзін-өзі ұсыну арқылы қатыса алады. Тіркеу 15 қыркүйекте басталып, 10 қазанда аяқталады.

Қай өңірлерде және қандай аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері сайланады?

1. Абай облысында Курчатов қаласы, Абай ауданы
2. Ақмола облысында Ақкөл, Астрахан, Есіл, Жақсы, Шортанды аудандары
3. Ақтөбе облысында Ырғыз, Қобда, Ойыл аудандары
4. Алматы облысында Балқаш, Жамбыл аудандары
5. Атырау облысында Исатай, Қызылқоға аудандары
6. Шығыс Қазақстан облысында Алтай, Глубокое аудандары
7. Жамбыл облысында Жуалы, Тұрар Рысқұлов аудандары
8. Жетісу облысында Кербұлақ, Сарқан аудандары
9. Батыс Қазақстан облысында Бөкей ордасы, Қаратөбе, Тасқала аудандары
10. Қарағанды облысында Приозерск қаласы, Ақтоғай, Осакаров аудандары
11. Қостанай облысында Рудный қаласы, Алтынсарин, Денисов, Қарабалық, Федоров аудандары
12. Қызылорда облысында Сырдария, Шиелі аудандары
13. Маңғыстау облысында Бейнеу ауданы
14. Павлодар облысында Ақтоғай, Железин, Шарбақты аудандары
15. Солтүстік Қазақстан облысында Есіл, Мамлют, Тимирязев аудандары
16. Түркістан облысында Бәйдібек, Мақтаарал, Созақ, Шардара аудандары
17. Ұлытау облысында Ұлытау ауданы

Еске салайық, 1 қыркүйектегі жолдауында Тоқаев аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін “тұрғындардың өзі сайлауын сынақтан өткізу керек” деген болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусин қызметінен босатылды
30.04.2024ж. 19:02

Бағдат Мусин қызметінен босатылды

Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →