×

Қуыршақ болмадым: Президенттікке кандидат болған Салтанат Тұрсынбекова сайлаудан кейінгі өмірі жайлы айтып берді

Сіз депутат болмағаныңызға іштей ренжисіз бе?» деп сұраған

Қуыршақ болмадым: Президенттікке кандидат болған Салтанат Тұрсынбекова сайлаудан кейінгі өмірі жайлы айтып берді
Ашық дереккөзден

Былтыр Президент сайлауына түсіп, жалпы дауыстың 2,12% ғана алған Салтанат Тұрсынбекова өзін «қуыршақ кандидат» деп мойындамайтынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін мәжіліс кулуарында журналистер одан «сізбен бірге президенттікке түскен Қарақат Әбден мен Жигули Дайрабаев депутат болып кетті. «Сіз депутат болмағаныңызға іштей ренжисіз бе?» деп сұраған.

«Өкінбеймін. Мен бүгін нақты адамдардың құқықтарын қорғайтын, өзімнің ішкі принциптеріме сай жерде жұмыс атқарып жүрмін. Сайлауға қатысқанда естеріңізде болса, ешқайда бармайтынымды, адамдардың құқықтарын қорғай беретінімді айтқан едім. Мен сол принципте қалдым», - дейді ол.

Салтанат Тұрсынбекова қазір Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы. «Президент сайлауы сізге не берді?» деген сұраққа жауапкершілікті одан ары сезіне түстім дейді.

«Халыққа деген жанашырлығым одан аса түсті. Мен соның арқасында барлық өңірге бардым. Халықпен кездестім. Жауапкершіліктің қаншалықты қиын екенін бүгін мен түсініп отырмын. Сол үшін мен де өз үлесімді қосқым келеді», - деп атап өтеді ол.

Сайлауға түскендер бір-бірін қатты сынаған жоқ. Тоқаевты да. Сарапшылар «кандидаттар қуыршақ болды» деп айтады. Сіз не ойлайсыз? Келесі қойылған осы сұраққа Салтанат Тұрсынбекова «мен ешқандай қуыршақ болған жоқпын» деп жауап берді. 

«Мен нақты алдыма қойған мақсатымды... Қазақстанда сондай мүмкіндік бар екеніне қуанамын. Мен өзімнің алдымда айтқым келгенін айттым. Өңірлерге барғанда нақты алға қойған мақсатымның бәрін орындадым. Мен қуыршақ болған жоқпын. Бола алмайтын да шығармын», - дейді Тұрсынбекова.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды
Кеше, 01:47

Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды

Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды
Ресейдің құқық қорғау органдары әзірбайжан азаматтарына ұлтына байланысты қатыгездік көрсеткен.
Осылайша депутаттар екі айлық каникулға кетті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →