×

«Мен үшін күтпеген жайт болды»: Министр Шәріпханов жемқорлықпен ұсталған әріптесі жайлы

Министр өз ведомствосы «жемқорлыққа қарсы» екенін айтады

«Мен үшін күтпеген жайт болды»: Министр Шәріпханов жемқорлықпен ұсталған әріптесі жайлы
gov.kz

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов ведомствоның Көкшетаудағы департаментіндегі атышулы жемқорлық жайттары жөнінде сұраққа жаупа берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сұрақты үкіметтің баспасөз орталығында журналистер министрге қойған.

«Көкшетауда бірге жұмыс істеген Ислам Ерназар атты қызметкерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұстағаны жайлы ақпарат шықты. Сондай-ақ, сіздің орынбасарыңыз Ерлан Бекенов ұсталды. Осы жайттар туралы не дейсіз?» - деп сұрады журналистер.
Министр «иә, осындай фактілер бар» деп басталы сөзін. 

«Ол фактілермен жұмыс істеп жатырмыз. Оның ішінде сыбайлас жеморлыққа қарсы қызметпен де жұмыс істейміз. Бұл бағытта біз өте ашықпыз. Өте сапалы жұмыс істеп жатқан сыбайлас жемқорлық қызметінің басшылығына алғыс айтамыз. Сіз айтып отырған Ерназар азаматтық қорғаныс академиясында жұмыс істейді. Мен ол адамды кінә арта алмаймын. Бірақ маман  ретінде жақсы санатта болған. Мен үшін оның мұндай қадамға барғаны күтпеген жайт болды. Екінші жағдай бойынша айтсам, Бекенов Ерлан та құқыққа қарсы әрекетке барды. Ол үшін жауапкершілік арқалады», - деді Шәріпханов.

Министр өз ведомствосы «жемқорлыққа қарсы» екенін айтады.

«Жемқорлық фаткілеріне жол бермей және алдын алу бағытында белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Ондай адамдар  біздің жүйеде қызмет атқрамау керек. Біз ондай фактілерді тамырымен жоямыз», - деді министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды
Бүгін, 01:47

Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды

Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды
Ресейдің құқық қорғау органдары әзірбайжан азаматтарына ұлтына байланысты қатыгездік көрсеткен.
Осылайша депутаттар екі айлық каникулға кетті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →