×

«Геноцид болғанын мойындау керек: «Оян, Қазақ!» фильмін көрген көрермен көзіне жаса ала әсерін бөлісті

Осы аптада «Қазақстан» телерадиокорпорациясы аудитория сұранысына байланысты «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің кинотетарлардағы көрсетілім мерзімін тағы бір аптаға ұзартқан болатын

«Геноцид болғанын мойындау керек: «Оян, Қазақ!» фильмін көрген көрермен көзіне жаса ала әсерін бөлісті
Коллаж Qaz365.kz

Әлеуметтік желідегі шудан кейін «Міржақып. Оян, Қазақ» фильмі қалаларда толық аншлагпен көрсетіліп жатыр. Көрем дегендердің қызығушылығы артып, кинотеатрларда билет болмай қалғандықтан, бір Алматының өзінде 140 сеанс ашылған.  Ал көргендер әлемжеліде жылы пікірін жарыса жариялап жатыр. Соның бірі Кәмшат есімді әйел фильмді кинотеатрдан екі рет көргенін айтады. Ол отызыншы жылдардағы аштықты геноцид деп мойындайтын уақыт келді деп есептейді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 
«Мен өз эмоциямды үш минуттық роликке сыйғыза алмаймын. Екі рет барғанда да, шынында да, психологиялық проработка болды. Еврей халқы крематорий көрген, тағы да басқа азап көрген халықтар нацизмнен зардап шекті. Біздің ешқандай айырмашылығымыз жоқ. Бізді де солай қырды. Қазақтың бүкіл малын, жерін тартып алды. Соның барлығы ұлтқа қиянат жасалған емес пе!? Ұлтқа қиянат жасап, басқа ұлтты жоқ қылып жіберетіндей амал жасаса, соның бәрі геноцид емес пе!? Не себепті біз соны геноцид деп қысылмай, осы уақытқа дейін айта алмаймыз!? Біз әлі күнге дейін сол жайлы үндемей келе жатырмыз. Әлі күнге дейін айта алмай келе жатырмыз!? Ол нағыз нацистердің жасаған геноциді. Соны айтатын уақыт келген секілді», - дейді Кәмшат парақшасында.

Көрермен қазақтың ішіндегі барлық қорқыныш, үрей содан келгенін, «соны айтқан кезде ғана біз жақсарамыз, сол кезде біз өзімізді өзіміз түсіне бастаймыз» деп есептейді. Психолог Эдит Ева Эгердің бір сөзінде «мен өз үрейімді неғұрлым жасырған сайын, естеліктерге көмілген сайын соншалықты жағдайым қиындай түсті» деген сөзін еске алады.


«Өзінің ауруын, есінде қалған естеліктерінің бәрін жасырып, тыға берген сайын ол тұншыға берген. Оны айтқан сайын жеңілдедім дейді. Қабылдаған кезде ғана мен жақсардым деп мойындайды. Біз де солай өзіміздің өмірімізде барлық бабаларымыз, аталарымыз, шешелеріміз көрген зорлық-зомбылықты айтсақ, біздің де өміріміз жақсара береді. Біз де өз-өзімізді қабылдап, түсіне бастар едік. Соны қабылдайтын, айтатын уақыт келді. Біз мысалы әлі күнге дейін он қазақ отырып бір орыстың алдында орысша сөйлейміз. Әлі күнге дейін солардың алдында міндетті адам секілді өзімізді сезінеміз. Соның барлығы сол заманнан келе жатқан комплекс. Ата атадан, ұрпаққа ұрпаққа. Сол комплекстен құтылу үшін біз айтуымыз керек. Геноцид жасалды деп ашық айтып, соны қабылдауымыз керек. Әлі күнге дейін біз соны мойындамай келеміз», - дейді ол.
 

Еске сала кетейік, осы аптада «Қазақстан» телерадиокорпорациясы аудитория сұранысына байланысты «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің кинотетарлардағы көрсетілім мерзімін тағы бір аптаға ұзартқан болатын. «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі өткен жылы Корпорацияның толықтай мемлекеттік тапсырыс негізінде түсірілген 6 сериялы телехикаядан дайындаған кинотуындысы. Яғни, фильм мемлекеттік қаражат есебінен түсірілген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев жаңа министрді қабылдады
Бүгін, 17:22

Тоқаев жаңа министрді қабылдады

Президентке ведомствоның қазіргі қызметі мен жұмыс жоспары баяндалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →